Астана қалалық соты

Астана қаласының соты татуластырушы судьялар үшін семинарлар өткізді

28/04/2018

Астана қаласының соты татуластырушы судьялар үшін «Азаматтық істер бойынша медиацияны жүргізу техникасы» тақырыбында семинар өткізді.

Іс-шараға Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Әсия Қасенова, Жоғарғы Сот Кеңесінің мүшесі, медиация саласындағы ұлттық сарапшы Балгүл Райсова, «Медиацияны дамыту орталығы» ӨҚБ кәсіби медиаторы Жанна Іңкәрбекова, сондай-ақ Астана қаласының судьялары қатысты.

Елордада сот астаналық парк басшылығы мен оның жұмысшысын татуластырды

24/04/2018

Астана тұрғыны автобус жүргізушісі ретінде жасалған шарттың негізінде автопаркпен еңбек қатынастарында болған. Онымен толық материалдық жауапкершілік туралы шарт, материалдық құндылықтарды қабылдау және тапсыру актісі жасалған.

Татуласуға келісім берген екі астаналық компания іскерік қарым-қатынастарын сақтай отырып, ұзақ уақытқа созылатын сот машақатынан құтылып, 290 мың теңге мөлшерінде мемлекеттік бажды қайтарып алды

23/04/2018

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты екі компания арасындағы тұрақсыздық туралы дауды қарады.

Астанада жалақы дауы бойынша жұмыскер мен жұмыс беруші сотта тауласты

20/04/2018

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотына елордалық тұрғын жосықсыз жұмыс берушіден еңбекақыны өндіріп алу туралы арызбен жүгінген.

Ер адам 2017 жылғы қыркүйектен ағымдағы жылдың қаңтарына дейін бастап ЖК-де вахтер болып жұмыс істеген. Жұмыс істеу кезеңінде оған еңбекақы төленбеген. Жұмысшыға еңбекақысын беру бойынша өз міндеттемелерін жұмыс берушінің орындамауы еңбек жанжалына себеп болған. Ренжіген жұмысшы өз құқығын қорғау үшін сотқа шағымданған.

Астана қаласы сотында тергеу судьяларының жұмыстары бойынша өңіраралық семинар өтті

19/04/2018

Астана қалалық сотында тергеу судьяларының қызметі бойынша өңіраралық семинар өтті.

Семинар жұмысына Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Абай Рахметулин, жоғары сот органының судьялары Асқаржан Кенжеғарин, Гүлнар Мергенова, Ержан Дәулиев, Астана қаласы сотының төрағасы Тілектес Бәрпібаев, сондай-ақ жергілікті соттардың судьялары қатысты.  

Семинар тергеу судьяларының жұмыс сапасын жақсарту мақсатында өткізілді.

Астана мен Маңғыстауда қылмыстық процесті жаңғырту мәселелері талқыланды

19/04/2018

Астана қаласы сотының қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы Алма Есімова, Астана қаласы прокурорының бірінші орынбасары Мұрат Мұхамбетқазы, Астана қаласы ІІД бастығының орынбасары Санжар Әділов және «Медиацияны дамыту орталығы» РҚБ президенті Азамат Жолаев Қылмыстық процесте сотқа дейінгі медиацияны дамыту бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Астана және Алматы қалаларында «Түнгі сот» пилоттық жобасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды

05/04/2018

Астана қалалық сотында «Түнгі сот» пилоттық жобасының шеңберінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді кешкі уақытта қарау мүмкіндігін талқылау бойынша«дөңгелек үстел» өтті. Іс-шараға судьялар, құқық құрғау органдарының, адвокатура мен прокуратура органдарының өкілдері қатысты.   

Елордада жеткізу, мердігерлік, қызмет көрсету және жалдау шарттарына қатысты дауларды қарау кезінде туындайтын мәселелер талқыланды

30/03/2018

Астана қалалық соты «Атамекен» Ұлттық палатасының филиалымен бірлесіп, «Бизнестің мүддесін сотта қорғау» жобасын іске асыру шеңберінде мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Жеткізу, мердігерлік, қызмет көрсету және жалдау шарттарына қатысты даулар» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді.

Қылмыстық процесте бұйрықтық өндірісті қолдану туралы

13/03/2018

Астана және Шығыс Қазақстан облысының судьялары қылмыстық процесте бұйрықтық өндірісті қолдану мәселелерін талқылады. «Дөңгелек үстел» жұмысына судьялар, әділет, ішкі істер департаментерінің  және адвоктура өкілдері қатысты.

 

Экономикалық сотта жаңа Салық және Кеден кодекстері таныстырылды

26/02/2018

«Бизнестің мүддесін сотта қорғау» жобасын іске асыру шеңберінде елордалық сот «Атамекен» ұлттық палатасымен бірлесіп, Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында салық және кеден заңнамасын қолданудың өзекті  мәселелері бойынша семинар өткізді. Іс-шара барысында «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексі және «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» ҚР Кодекстері таныстырылды.

Беттер