Астана қалалық соты

Астананың әкімшілік сотында «Түнгі сот» пилоттық жобасы бастау алды

06/06/2018

Астананың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында «Түнгі сот» пилоттық жобасы іске қосылды.

Жұмыстың бірінші күні жобаның аясында, көлік құралдары жүргізушілерінің көлік құралдарының зақымдануына әкеліп соққан жол жүру ережелерін бұзуы туралы 13 материал қаралды.

Астанада бизнесті сот арқылы қорғау мәселелері талқыланды

31/05/2018

Астана қаласының соты өңірдің «Атамекен» ұлттық палатасымен бірлесіп, «Бизнесті сот арқылы қорғау» жобасын іске асыру аясында «Кәсіпкерлік саласындағы әкімшілік жауапкершілік» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Осы іс-шараға қалалық соттың судьясы Мараш Манабаева, МӘС-тің төрағасы Уәлихан Рахматуллаев, «Атамекен» өңірлік палатасының, Мемлекеттік кірістер және Әділет департаменттерінің, ІІМ-нің Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің, калалық ортаның сапасы мен бақылау басқармасының, сондай-ақ бизнес қауымдастықтардың өкілдері қатысты.

Медиативтік келісім жасау жауапкердің талапкерге берешегін қайтаруына және тараптардың іскерлік қатынасын сақтап қалуына мүмкіндік берді

28/05/2018

2016 жылы екі Республикалық мемлекеттік кәсіпорын мердігерлік шартын жасасқан. Оның негізінде біреуі шарт жасалған сәттен бастап 9 айдың ішінде сорғы станциясын сыртқы электрмен жабдықтау үшін қайта құру бойынша барлық жұмыстарды орындауға, ал екіншісі – тиісінше орындалған жұмысқа төлем жасауға міндеттеме алған.

Елорданың Сарыарқа аудандық соты банктің тұтынушының құқық белгілейтін құжаттарын жоғалтқаны туралы дауда тараптарды татуластырды

24/05/2018

Б. 2007 жылы Банкпен банктік қарыз туралы шарт жасасқан. Осы шарт бойынша Банк оған 5 500 000 теңге қарыз берген.

Талап қоюшы, шарт бойынша қамтамасыз ету шарасы ретінде өзінің мүлкі – жер учаскесі бар тұрғын үйін ұсынған. Алайда, қарыз бойынша міндеттемелер орындалмағандықтан, сот Банктің пайдасына тұтынушыдан берешек сомасын өндірген.

Астананың Алматы аудандық сотында «Соттағы татуласу рәсімдері» пилоттық жобасын іске асыру басталды

22/05/2018

Бір апталық жұмыс ішінде жоба шеңберінде 10 ерлі-зайыпты жұп неке  бұзудан бас тартты және кәмелетке толмаған балалары бар отбасларын сақтай отырып, сот талқылауы басталғанға дейін татуласты.

Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде келтірілген залалды өндіріп алу, еңбек жанжалы, мүлікті талап ету және зиянды өтеу, алиментті өндіріп алу, шарттарды бұзу, соманы өндіріп алу, еңбекақысы мен кепілдемені өндіріп алу туралы 9 азаматтық дау бойынша медиативтік келісім бекітілді.

Елорданың Сарыарқа аудандық сотында екі ай жұмыс уақыт аралығында татуласу рәсімдері туралы 100 келісім жасалды

18/05/2018

«Соттағы татуластыру рәсімдері» пилоттық жобасы Сарыарқа аудандық сотында ағымдағы жылдың 14 наурызында іске қосылды.

Сот төрағасының өкімімен татуластырушы судья ретінде Ақ-Тоты Әбдіқұлова тағайындалған. Оның ақпаратына сәйкес, 42 жұмыс күні ішінде (а.ж. 14 наурызы - 17 мамыры) татуласу рәсімдері туралы пилоттық жоба аясында Сарыарқа аудандық сотында 100 келісім бекітілді.

Осылайша, татуласу рәсімдерін қолдану 42 отбасын сақтауға мүмкіндік берді, ал 83 бала өз ата-аналарымен толық отбасында тұратын болады.

Ж. Асанов елорданың Сарыарқа аудандық сотындағы жаңа фронт-офиспен танысты

14/05/2018

«Сот төрелігінің жеті түйінінің» бір тармағы «Үлгілі сот» бағдарламасын іске асыру шеңберінде сот төрелігін жүзеге асыру бойынша процестерді жетілдіру мақсатында Сарыарқа аудандық соты пилоттық сот болып белгіленді. Жоғарғы Сот Төрағасы Жақып Асанов соттың жаңа фронт-офисімен танысты. 

Медиативтік келісім жасау талапкерге 1 миллион теңгеден астам баж сомасын қайтарып алуға мүмкіндік берді

10/05/2018

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына ЖШС басқа ЖШС-дан берешекті өндіріп алу туралы талап арызбен жүгінді.

Сотта анықталғандай, елордалық компаниялардың арасында астаналық объектілердің бірінде жол төсемін орындау бойынша құрылыстық мердігерлік шарт жасалған. Оның талаптарына сәйкес жауапкер көрсетілген қызметті қабылдауға және уақтылы төлемақы жасауға міндеттеме алған.  

Медиативтік келісім жасауға байланысты жауапкер көрсетілген көлік қызметі үшін қарызды өтеуге міндеттеме алды

05/05/2018

Дара кәсіпкер ЖШС-ден қарызды өндіріп алу туралы талап арызбен Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгінді.

2017 жылы тараптар арасында көлік құралын жалға алу туралы шарт жасалған. Талап қоюшы шартқа сәйкес 2017 жылғы мамыр айынан желтоқсанға дейін 8 миллион теңгеге қызмет көрсеткен. Банк шоты бойынша ақша қозғалысы туралы үзіндіге сәйкес жауапкердің берешегі 2018 жылдың 30 қаңтарында 4 миллион теңгені құраған.

Астанада мемлекеттік органдардың шешімдері мен әрекеттерін (әрекетсіздігін) даулау бойынша сот практикасын талқылады

28/04/2018

Астана қаласының соты мен «Атамекен» ұлттық палатасы «Бизнестің мүддесін сотта қорғау» жобасын іске асыру шеңберінде «Мемлекеттік билік, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілердің шешімдері мен әрекеттерін (немесе әрекетсіздігін) даулау жөніндегі сот практикасы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді.

Беттер