Астана қалалық соты

Ювеналдық соттар: балаға достық ниеттегі татуласу мен сот төрелігін дамыту

10/01/2019

Астананың Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Қыдырбек Әлқожаев пен Медиацияны дамыту орталығының президенті  Азамат Жулаев Өзара іс-қиымыл туралы меморандумға қол қойды.

Тараптар дауларды шешу кезінде медиацияны және жанжалдарды шешудің басқа да баламалы әдістерінің қолданылуын танымал етуді көздеп отыр.

Астананың Сарыарқа ауданының сотында 1000 астам дау бейбіт жолмен шешілді

07/12/2018

Бұл екі мыңнан астам азаматтың жанжалды жағдайды қайта қарап, достық қарым-қатынастарын сақтап қалуына мүмкіндік берді.

Сарыарқа аудандық сотында ағымдағы жылдың 14 наурызынан бастап Жоғарғы Соттың бірқатар пилоттық жобалары, соның ішінде татуластыру рәсімдері бойынша жобасы іске асырылып жатқанын естеріңізге саламыз.

Жоба шеңберінде 344 талап қою арызы бойынша 335 медиациялық және 9  бітімгершілік келісім бекітілді. Бұл тараптар қатысқан 616 істің 56% құрайды (344-і татуласты, 272-сі бас тартты).

Астананың экономикалық сотында фронт-кеңсе ашылды

30/11/2018

Елорданың мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында фронт-кеңсенің салтанатты ашылуы өтті.

Іс-шара «Үлгілі сот» бағдарламасын іске асыру шеңберінде өткізілді. Астана қаласы сотының төрағасы Тілектес Барпибаев соттың ашықтығын, айқындылығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған жаңа фронт-кеңсенің жұмысымен танысты.

Біліктілікті арттыру аясында

26/10/2018

Түркістан облыстық сотында Ф.Эберт қорының қолдауымен «Еңбек дауларын шешуде татуласу рәсімдерін қолдану» тақырыбында семинар өтті.

Іс-шараға өңір судьялары, адвокаттар, кәсіпкерлер, денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының өкілдері, еңбек инспекторлары және медиаторлар қатысты.

Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотында Telegram және WhatsApp негізінде электронды анықтамалық іске қосылды

16/10/2018

Жоба Мемлекет басшысының Жолдауындағы соттардың заманауи үлгідегі жұмысты және озық электронды сервистерді енгізу  тапсырмасын жүзеге асыру шеңберінде іске қосылды.

Соттың Telegram және WhatsApp мессенджерлері арқылы электронды диалогы сот ісін жүргізу барысында туындайтын мәселелерді жылдам шешуге мүмкіндік береді. SMS-хабарлама арқылы азаматтар байланыс нөмірлерін, арыздар мен өтініштердің үлгілерін, мемлекеттік баж салығын төлеу тәсілдері және т.б. туралы ақпаратты ала алады.

Астана мен Қарағанды облысының судьялары медиативтік және коммуникативтік дағдыларды үйренді

10/08/2018

Оқыту семинарларын Жоғарғы Сот судьясы Ербол Рахымбеков, Нурия Сисенова, Талғат Ибрашев, сондай-ақ сарапшы - қақтығыстанушы Меруерт Жүнісбек және шешендік өнер жаттықтырушысы Жанна Ибраева жүргізді.

Астанада судьялар аймақаралық спартакиада ойындарында жарысқа түсті

20/07/2018

Назарбаев университетінінің спорт кешенінде Судьялар одағының бастамасымен республика судьялары арасында дәстүрлі аймақаралық спартакиада өтті.

Шағын-футбол, волейбол, бильярд, үлкен теннис, үстел теннисі, шахмат және дойбыға Жоғарғы Сот, Астана қалалық соты, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстық соттары мен Әскери соттан 120-ға жуық  спортшы-судьялар қатысты.  

Астана қаласының сотына 20 жыл

12/07/2018

«ЭКСПО-2017» қалашығының «Холл Энергия» мәдени-сауық орталығында Астана қаласы сотының 20-жылдығын тойлауға арналған салтанатты іс-шара өтті.

Астанада банкроттық және оңалту туралы даулар бойынша сот практикасын талқылады

29/06/2018

«Бизнесті сот арқылы қорғау» жобасын іске асыру аясында Астана қаласының соты «Атамекен» ҰКП-ның филиалымен бірлесе отырып, «Банкроттық және оңалту туралы заңнамасын қолдану саласындағы даулар бойынша азаматтық істерді қараудың сот практикасы» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді.

Екі шаруашылық жүргізуші субъект арасындағы дау медиация тәртібінде реттелді

22/06/2018

Астана қаласы сотының азаматтық істер жөніндгі сот алқасы екі шаруашылық жүргізуші субъект арасындағы дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісімді бекітті.

Дау тараптар арасында жасалған құрылыс мердігерлік шартын жауапкердің орындауы шеңберінде берешек есебіне 300 миллионнан астам теңгені өндіріп алуға қатысты болды.

Маңғыстау облысында болған тараптардың бірінің өтінішхаты бойынша, оның сот отырысына қатысуы бейнеконференцбайланыс арқылы қамтамасыз етілді.

Беттер