Астана қалалық соты

Астана қаласының Әкімшілік соты көші-қон саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін шетелдік 1 548 азаматты кінәлі деп таныды

12/05/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында 2016 жылдың бірінші тоқсанында шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін 1548 азаматқа қатысты әкімшілік істер қаралды. Бұлар – Ресей Федерациясының, Өзбекстан, Қырғызстан, Грузия, Украина азаматтары.

Астана қаласының соттары 2015 жылдың қорытындыларын шығарды

29/01/2016

Астана қаласының сотында 2015 жылы атқарылған жұмыстың қорытындыларына арналған кеңейтілген кеңес болып өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасының төрағасы А.Қыдырбаева, Астана қаласы сотының төрағасы Т.Бәрпібаев, елордалық сот алқаларының төрағалары, судьялары, кеңсе басшысы, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары қатысты.

Астана қаласының соттары 2015 жылдың бірінші жартыжылдығындағы сот әділдігін жүзеге асырудың қорытындыларын шығарды

04/07/2015

Астана қаласының сотында 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстың қорытындыларына арналған кеңейтілген кеңес болып өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ.Ә. Мәми, Астана қаласы сотының төрағасы Т.Е. Бәрпібаев, елордалық сот алқаларының төрағалары, қалалық, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары, қалалық сот кеңсесінің басшысы қатысты.

Астана қаласының сотында Парламент Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің көшпелі отырысы өтті

05/03/2015

Бүгін Астана қаласының сотында Парламент Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің Азаматтық процестік кодекстің (бұдан әрі – АПК)  жаңа редакциядағы жобасын талқылауға арналған көшпелі отырысы өтті 

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті мен Жоғарғы Сот ұйымдастырды.

С.М.Төрекелдиевтің ісі бойынша Астана қаласының апелляциялық сот алқасы үкім шығарды

27/01/2015

Естеріңізге салсақ, 2014 жылдың қараша айында  Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Табиғатты қорғауды бақылау комитетінің төрағасы  С. Төрекелдиев ҚР ҚК-нің 311-бабының 4-бөлігінің «а, в» тармақтары бойынша мүлкі тәркілене отырып, 3 жыл мерзімге мемлекеттік органдар мен жергілікті басқару органдарында қызмет атқару құқығынан айырылып, 7 жылға бас бостандығын айыру түріндегі жазаны жалпы тәртіптегі колонияда өтеуге сотталған болатын.

Астана қалалық соты кеңсесінің қызметкерлеріне арналған жатақхананың ашылу рәсімі өтті

15/12/2014

Бүгін Астана қалалық сотының басшылығымен Жоғарғы Соттың қолдауымен қызметкерлерді ынталандыру мақсатында алғаш рет арнайы жабдықталған жатақхана түріндегі ғимараттың ашылу рәсімі өтті.

Шараға Қазақстан Республикасы Сенаты Парламентінің депутаты Б. Бекназаров, Астана қалалық сотының төрағасы Т. Бәрпібаев, Кеңсе басшысы Р. Тауымбеков және Астана қалалық соттарының қызметкерлері қатысты.

Астана қалалық сотында мерекелік жиын өтті

28/08/2014

Бүгін Астана қалалық сотында Қазақстан Республикасының Конституциясының 19 жыдығына арналған салтанатты жиын өтті.

Қалалық сот төрағасы Тілектес Бәрпібаев қатысушыларды алдағы мемлекеттік мерекемен құттықтап, Ата Заңымыздың мемлекет пен қоғамның дамуындағы және әрбір қазақстандықтың өміріндегі рөлін атап өтті.

Беттер