Астана қалалық соты

Астанада некені бұзу дауларына қатысты түйткілді мәселелер талқыланды

20/02/2018

Астана қалалық соты кәмелетке толмағандар істері бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында «Әйелдің қоғамдағы және отбасындағы, балаларды тәрбиелеудегі рөлі; некеге және кәмелетке толмаған балалардың құқықтарына қатысты отбасылық даулар бойынша татуластыру рәсімдеріне мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың қатысуы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді.

Аталмыш іс-шара Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген іс-шараларды жүзеге асыру шеңберінде өтті.

Астанада шаруашылық субъектілері арасындағы дауларды қараудың баламалы және сотқа дейінгі тәсілдерін дамыту мәселелері талқыланды

31/01/2018

«Шаруашылық субъектілері арасындағы дауларды қараудың баламалы және сотқа дейінгі тәсілдерін ұйымдастыруға және қызмет етуіне әдістемелік және құқықтық көмек» тақырыбында өткен «дөңгелек үстел» жұмысына судьялар және Астана кәсіпкерлер палатасының, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төрелік орталығы өкілдері және Медиацияны дамыту орталығының медиаторлары қатысты.

Республика соттары Президент Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын іске асыру шеңберінде бірқатар іс-шаралар өткізді

27/11/2017

Алматы қалалық сотында «Ұлттық сана жаңғыруы және тарихи тұлғалар өнегесі»  тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференция жұмысында  судьялар, белгілі заңгерлер мен тарихшылар, филолог, этнограф ғылымдар, республиканың еңбек сіңірген қайраткерлері, отставкадағы судьялар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Астана қалалық сотында татуластыру рәсімдері бойынша мәселелер талқыланды

27/10/2017

«Сот ісін жүргізудегі татуластыру рәсімдері, соның ішінде партисипативтік рәсімдерді қолдануды жандандыру» тақырыбында  «дөңгелек үстелде» судьялар, Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы, «Қоғамдық келісім» мекемесінің өкілі, Астана қаласы нотариалдық  палатасы төрағасының орынбасары, прокурорлар, адвокаттар, «Медиацияны дамыту орталығы», кәсіпкерлер палатасының және коммуналдық қызмет көрсету саласының өкілдері қатысты. 

Астана қалалық және Батыс Қазақстан соттарда экологиялық заңнаманы қолдану практикасы талқыланды

26/10/2017

Астана қалалық сотында Азаматтық процестік кодексін және экологиялық заңнаманы қолдану туралы сот практикасын талқылау бойынша өңірлік семинар өтті.

Семинарға Жоғарғы Сот судьясы Бейбіт Шермұхаметов, елордалық соттың судьялары, прокуратура, Әділет, Қаржы, Энергетика министрлігі, Экология департаменті, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Сот төрелігі академиясы мен мұнай компанияларының өкілдері, сондай-ақ адвокаттар қатысты.

Астана қаласының Сарыарқа аудандық соты мен Генетика орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

19/10/2017

Сарыарқа аудандық сотының төрағасы Арман Жүкенов пен «Центр Генетики.kz» ЖШС-нің өкілі Мұрат Күдеринов өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум аясында тараптар мемлекеттік және коммерциялық құрылымдар арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайту, молекулярлық-генетикалық сараптамалар жүргізу әдістері жөнінде ақпарат алмасу, бірлескен сараптамалық-талдамалық іс-шараларды өткізу, тараптардың азаматтық іс бойынша құқықтары мен мүдделерінің қорғалуын қатаң сақтауды қамтамасыз ету туралы қағидаттар бойынша уағдаласты.

Елордалық судьялар, құқық қорғау органдарының өкілдері және адвокаттар жеке басты тінту, алу, қарауды санкциялау мәселелерін талқылады

13/10/2017

«Дөңгелек үстел» жұмысына судьялар, адвокатура және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

Іс-шараны Астана қалалық сотының судьясы Ерлан Қосмұратов жүргізді.

Астана қаласы №2 Сарыарқа аудандық сотында сот жүйесінде мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту мәселелері талқыланды

06/10/2017

Астана қаласы №2 Сарыарқа  аудандық сотында өткен «дөңгелек үстел» жұмысына Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Асқар Кенжеғарин, судьялар, Жоғарғы Сот аппаратының, Астана қаласы Сарыарқа ауданы прокуратурасының, Астана қаласы ІІД және Сарыарқа ауданының ІІБ, Тілдерді дамыту басқармасының өкілдері қатысты.

Астана қалалық соты 2017 жылдың бірінші жартыжылдығындағы сот төрелігін жүзеге асыру жұмысын қорытындылады

26/07/2017

Астана қалалық сотында кеңейтілген кеңес өткізілді, оның барысында қатысушылар 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмысты қорытындылады.

Отырыс жұмысына Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Еліс Әбдіқадыров қатысты.

«Сот кабинеті» сервисі 2 миллионыншы электронды құжатты тіркеді

13/07/2017

Жоғарғы Соттың интернет-ресурсы «Сот кабинеті» сервисінің  2 миллионыншы электронды құжатын тіркеді. Талап арызды Астана қаласы Есіл аудандық сотына а.ж. 11 шілдеде Наталья Евгениевна Гаушкина жолдаған.

2016 жылы  «Сот кабинеті» арқылы сотқа жіберілген 1 миллионыншы құжат тіркелген. Оны жіберген сервис қолданушысы соттағы ақпараттық технологиялардың танымдылығын арттыру мақсатында марапатталды.

Беттер