Астана қаласының Сарыарқа аудандық соты мен Генетика орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сарыарқа аудандық сотының төрағасы Арман Жүкенов пен «Центр Генетики.kz» ЖШС-нің өкілі Мұрат Күдеринов өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум аясында тараптар мемлекеттік және коммерциялық құрылымдар арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайту, молекулярлық-генетикалық сараптамалар жүргізу әдістері жөнінде ақпарат алмасу, бірлескен сараптамалық-талдамалық іс-шараларды өткізу, тараптардың азаматтық іс бойынша құқықтары мен мүдделерінің қорғалуын қатаң сақтауды қамтамасыз ету туралы қағидаттар бойынша уағдаласты.

Ынтымақтастықтың артықшылығы сот сарапшысының үлгілерін алған күннен бастап 5 жұмыс күніне дейін сараптама жүргізуге байланысты азаматтық істерді қарау мерзімін қысқарту болып табылады. Практикалық әдістер зерттелетін материалдардың ата-аналық немесе аналық желілерге тиесілі екенін анықтауға мүмкіндік береді. Аталмыш әдістер мұраға қатысты даулар бойынша азаматтық істер аясында ата-аналары болмаған, сондай-ақ ата-аналары қайтыс болғандардың (жақын және алыс туыс) балаларының шығу тегін белгілеуге мүмкіндік береді.

Қолда бар жабдықтар мен материалдар сот залында (күні мен уақытын міндетті түрде алдын-ала талқылау шеңберінде) сот-сараптамалық зерттеулер жүргізу үшін «Центр Генетики.kz» өкілінің үлгілер алуына да мүмкіндік береді.

Меморандумның шарттары сот процесіндегі тараптардың сараптаманы Астана қаласындағы Сот сараптамасы институтының сарапшыларына ұсыну туралы құқығын шектемейді.

Кездесу соңында тараптар Меморандумның маңыздылығын атап өтіп, сараптаманың уақытылы өткізілуі азаматтық істерді соттың шұғыл және сапалы қарастыруына ықпал ететінін тілге тиек етті.

Қайнар: 
Астана қалалық соты баспасөз қызметі