Астана қалалық соты 2017 жылдың бірінші жартыжылдығындағы сот төрелігін жүзеге асыру жұмысын қорытындылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қалалық сотында кеңейтілген кеңес өткізілді, оның барысында қатысушылар 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмысты қорытындылады.

Отырыс жұмысына Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Еліс Әбдіқадыров қатысты.

Кеңейтілген кеңес жұмысын сот төрағасы Тілектес Бәрпібаев ашты. Ол сот төрелігін жүзеге асыру сапасын қамтамасыз ету бойынша Астана қаласы соттарының негізгі жұмысының қорытындыларын айтып өтті. Кеңесте Астана қаласы бойынша Соттар әкімшісі басшысының, қылмыстық және азаматтық істер бойынша сот алқасы төрағаларының есептері тыңдалды.

Есепті кезең ішінде қаладағы бірінші сатыдағы соттарда 29 460 азаматтық іс қаралды, 2016 жылдың салыстырмалы кезеңіне шаққанда 8,6 %-ға артық. 17 169 азаматтық іс бойынша сот шешімі шығарылды, 315 сот шешімі (1,8%) өзгертіліп, күші жойылды, сот төрелігін жүзеге асыру сапасы 0,3%-ға жақсарды.

Тараптардың татуласуы, медиация және партисипативті рәсімдерді қолдану арқылы 1617 іс аяқталды.

Есепті кезеңде 32 415 істің 26 165 ісі «Сот кабинеті» арқылы қабылданған, яғни бұл көрсеткіш  келіп түскен істердің 80,7 %-ын құрайды.

Азаматтық істерді қараудағы негізгі жүктеме Алматы аудандық сотына тиесілі. Бұл қаралған азаматтық істердің 36,4 %-ын құрады. 16 341 әкімшілік құқық бұзушылық қатарына көлік құралын алкогольді немесе есірткімен мас күйінде  басқару, кішігірім бұзақылық жатады. 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында бірінші сатыдағы соттар 2 279 адамға қатысты 1 848 қылмыстық істі қарады. 461 сотталған адамның 56,1%-на бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, бұл 2016 жылмен салыстырғанда «жазалау тәжірибесінің» 5,6 %-ға артқанын көрсетеді.

Кеңеске қатысушылар жұмыс барысындағы кемшіліктерді, құқық қолдануда туындайтын өзекті мәселелерді талқылап, судьялар мен сот мамандарының кәсіби деңгейін арттыру бойынша басты міндеттерді айқындады.

Т.Бәрпібаев елордалық соттардың Жоғарғы Соттың озық жобаларын сыннан өткізудегі ерекше рөлін атап өтті. Ол тиімді сот төрелігін жүзеге асыру және азаматтардың сотқа қолжетімділік құқығын қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Өткен жартыжылдықты қорытындылай келе, Е.Әбдіқадыров республика бойынша сот төрелігінің істерді қарау мерзімдерін қадағалау мен жұмыс сапасының жақсарту үрдісін сақтай отырып жүзеге асырылғандығын  тілге тиек етті. «Бұл Ұлт Жоспары аясында жүзеге асырылған ауқымды реформалардың шынайы нәтижесі. Оңтайландыру соттар мен сотқа жүгінген адамдардың уақытын,  олардың  материалдық және еңбек ресрусын үнемдейді. Бұзылған құқықтарды қорғау мен уақытылы қалпына келтіруге кепілдік береді»,-деді ол.

Е.Әбдіқадыров Астана соттарына сот төрелігін жүзеге асырудың сапасын одан әрі жақсарту, бірыңғай сот практикасын қалыптастыру, медиация, татуластыру, парсипативтік рәсімдер және нотариустың атқару жазбасы іспеттес құқықтық институттардың артықшылықтарын түсіндіру мақсатында азаматтарды жеке қабылдау бойынша жұмыстарды одан әрі жетілдіруді тапсырды.

Кеңес жұмысының соңында қалалық соттың төрағасы салтанатты жағдайда сайыс жеңімпаздарын жариялады. Т.Бәрпібаев елордалық соттар арасында үздік кеңсе атанған Сарыарқа аудандық сотының өкілін марапаттады. Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының бас маманы Анар Тайшыбекова «Үздік мемлекеттік қызметші» аталымы бойынша марапатталды.

 

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі