Астана қалалық сотында татуластыру рәсімдері бойынша мәселелер талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Сот ісін жүргізудегі татуластыру рәсімдері, соның ішінде партисипативтік рәсімдерді қолдануды жандандыру» тақырыбында  «дөңгелек үстелде» судьялар, Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы, «Қоғамдық келісім» мекемесінің өкілі, Астана қаласы нотариалдық  палатасы төрағасының орынбасары, прокурорлар, адвокаттар, «Медиацияны дамыту орталығы», кәсіпкерлер палатасының және коммуналдық қызмет көрсету саласының өкілдері қатысты. 

Астана қалалық сотының судьясы, модератор Гүлнәр Рахметова Астана қаласы бойынша татуластыру рәсімдерін қолдану арқылы 1 826 азаматтық істің  қаралғаны, соның ішінде дауды (жанжалды) медиация тәртібімен  реттеу  туралы келісімнің жасалуына байланысты 1 535 істің,  дауды партисипативтік рәсімдер тәртібімен реттеу туралы келісімнің бекітілуіне байланысты 14 істің қысқартылғанын көрсететін 2017 жылдың 9 айындағы статистиканы келтіре отырып, өз пікірлерімен бөлісті. Сотта татуластыру рәсімдерін қолданғаннан кейін талап қоюшыларға  бюджетке төленген 729 347 937 теңгеден астам мемлекеттік баж салығы қайтарылған.  

«Дөңгелек үстелге» қатысушылар татуластыру рәсімдерін қолдану арқылы дауларды қараудың ерекшеліктерін талқылады. Талқылау барысында «дөңгелек үстелге» қатысушылар дауларды (жанжалдарды) соттан тыс реттеу институттарын толық көлемде  қолданбауына  тұрғындардың азаматтық процесте татуластыру рәсімдері  туралы  жеткілікті хабардар болмауы  ықпал етуде деген ортақ пікірге келді. Осыған байланысты, адвокаттар мен медиаторларға аталған бағыттағы жұмысты жандандыру  ұсынылды.

Іс-шараның соңында «дөңгелек үстелге» қатысушылар жұмысты қорытындылап, ұсынымдар әзірледі. 

Источник: 
Астана қалалық соты баспасөз қызметі