Архив событий

26/10/2017

Астана қалалық және Батыс Қазақстан соттарда экологиялық заңнаманы қолдану практикасы талқыланды

26/10/2017

Астана қалалық сотында Азаматтық процестік кодексін және экологиялық заңнаманы қолдану туралы сот практикасын талқылау бойынша өңірлік семинар өтті.

Семинарға Жоғарғы Сот судьясы Бейбіт Шермұхаметов, елордалық соттың судьялары, прокуратура, Әділет, Қаржы, Энергетика министрлігі, Экология департаменті, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Сот төрелігі академиясы мен мұнай компанияларының өкілдері, сондай-ақ адвокаттар қатысты.

Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстық соттарында «Атамекен» ҰКП өкілдерімен кездесу өтті

26/10/2017

 Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Нұрлан Қайырбеков «Атамекен» кәсіпкерлердің ұлттық палатасының төрағасы Игорь Шацкиймен кездесу өткізді.

Кездесу барысында заң үстемдігін қамтамасыз ету, әділдік пен ашықтық қағидаттарына негізделген өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Тараптар кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауда қоян-қолтық жұмыс  жасаудың маңыздылығын  атап өтті.

Шымкенттің ювеналдық сотында Бітімгершілік рәсімдерін дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

26/10/2017

Оңтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Бітімгершілік рәсімдерін дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.                                 

Іс-шараға Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы Нұрлан Биболов қатысты.

Меморандум дау-жанжалддарды азайтып, оларды сотқа дейін реттеу, сотта бітімгершілік рәсімдерін қолдануды арттыруға бағытталған.