Архив событий

20/10/2017

Ақмола облыстық сотында билер соты институтына арналған конференция өтті

20/10/2017

Ақмола облыстық сотында «Қазақ даласының билер соты – егеменді еліміздің сот-құқық жүйесінің негізі» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шара Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетімен бірлесіп ұйымдастырылды.

Конференция қазақ билер сотының дамуы мен құрылу тарихын зерттеу, мәдени және құқықтық тарихи мұраны сақтау, жастардың бойында мемлекет және құқық тарихына деген патриоттық сезімді қалыптастыру мақсатында өткізілді.

Жамбыл облыстық сотының төрағасы Р.Мырзакәрім Т.Рысқұлов пен Байзақ аудандарының азаматтарын қабылдады

20/10/2017

Жамбыл облыстық сотының төрағасы Рүстем Мырзакәрім Байзақ және Т.Рысқұлов аудандық соттарында болып, азаматтарды қабылдады.

Іс-шараға облыстық соттың судьялары Мейірхан Әтібеков пен Ардақ Әкетаев қатысты.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьялары неолит дәуірінің ескерткіші қазақтың «Стоунхэнджі» - «Ақ бауырға» барып қайтты

20/10/2017

Шығыс Қазақстан облысының судьялары «Рухани жаңғыру», «Туған жерге тағзым» рухан жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру аясында неолит дәуірінің ескерткіші қазақтың «Стоунхэнджі» атанған «Ақ бауыр» тарихи-археологиялық кешенге барып қайтты.

Сапардың негізгі мақсаты – ұрпақтар сабақтастығын дамыту және нығайту, сондай-ақ туған өлкенің мәдени мұраларын зерттеу, туған жерге тағзым ету.

Алматы қалалық сотында сотқа дейінгі іс жүргізу сатысында сот бақылауын дамыту мәселелері талқыланды

20/10/2017

Алматы қалалық сотында қалалық адвокаттар алқасымен  өзара ынтымақтастық туралы қол қойылған  меморандум аясында «Сотқа дейінгі іс жүргізу сатысында сот бақылауының даму келешегі»  атты тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.

Іс-шараға Алматы қалалық сотының төрағасы  Н.Әбдіқанов, қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Б.Қараманов, қалалық сот судьялары, қалалық адвокаттар алқасының өкілдері, аудандық және оған теңестірілген соттар судьялары қатысты.

«Сот кабинеті» сервисінің тұтынушылары сотқа сенімхатты енді электронды түрде жолдай алады

20/10/2017

Енді сенімхатты ресімдеу үшін тараптардың өз өкіліне өкілеттік беру үшін нотариусқа баруының қажеті жоқ. Интернет желісіне қолжетімділік пен электрондық-цифрлық қолтаңбасы болса жеткілікті.

Сенімхат қалыптастыру үшін Сот кабинетінде авторизациядан өткеннен кейін «Электрондық сенімхат» бөліміне өту қажет. «Сенімхат»  ашылған бетте «Қосу» батырмасын басып, сенімхат нысанын, соның ішінде өкілдің деректерін толтыру қажет. ЖСН арқылы өкілдің жеке деректерін жеке тұлғалардың мемлекеттік базасынан автоматты түрде толтыруға болады.