Семейде сот жалған ақпарат таратқан кінәліні екі жылға бас бастандығынан шектеуге үкім шығарды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

П-ның телекоммуникациялық жүйелер арқылы көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін сотқа материалдар келіп түсті.  

Сотта анықталғандай, а.ж. 24 мамыр күні азамат П-ға тиесілі нөмірдің  «Watssap» желісіне көп қабатты үй ғимаратының құлауы көрсетілген атаусыз бейнежазба келген. Оны көрген азамат П. бейнежазбадағы оқиғаның нақты басқа мемлекетте болғанын біле тұра, бейнежазбаға «ЖЕДЕЛ ТЖ ЭКСКЛЮЗИВ. Қазақстан Семей қаласында  бүгін,  2017 жыл 24 мамырында күндізгі сағат 14.23-те кіреберістің құлауы» деген жалған атау жазып, әлеуметтік желіге салған.  Бейнероликті ғаламтордағы 413 158 қолданушы көрген және жалған ақпаратты ғаламтор желісінде, сонымен қатар, құқық қорғау органдарына телефон арқылы қоңырау шалып, өздерінің ашуларын білдірген.

Семей қаласының прокуроры сотталушымен, оның қорғаушысымен  екінші тараптан  кінәні мойындау нысанында процестік келісім бекітті. Семей қаласының №2 соты көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін кінәлі деп танылған азамат П-ның 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі