Жамбыл облыстық сотының төрағасы Р.Мырзакәрім Т.Рысқұлов пен Байзақ аудандарының азаматтарын қабылдады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жамбыл облыстық сотының төрағасы Рүстем Мырзакәрім Байзақ және Т.Рысқұлов аудандық соттарында болып, азаматтарды қабылдады.

Іс-шараға облыстық соттың судьялары Мейірхан Әтібеков пен Ардақ Әкетаев қатысты.

Қабылдауға келген Т.Рысқұлов ауданының 7, Байзақ ауданының 5 тұрғыны өздерін толғандырып жүрген жеке мәселелерін айтып, заңға сәйкес тиісті жауаптарын алды. Өтініштердің басым бөлігі жеке басты куәландыратын құжаттарды ала алмай жүрген халықтың әлеуметтік осал тобын құжаттандыру, «Медиация туралы» заң, жылжымайтын мүлікке меншік құқығын тану, неке-отбасылық қатынастар, жер даулары мәселелеріне қатысты болды.

Кездесу барысында Р.Мырзакәрім жеке қабылдауға келушілерге елімізде жүргізіліп жатқан реформалар құқықтық мемлекеттің қалыптасуына, тәуелсіз сот билігін құруға бағытталғанын айтып, дауды сотқа дейін реттеудің салдары мен медиация институтын дамытудың артықшылықтарын түсіндірді.

Кездесу барысында Судьялар әдебі жөніндегі комиссия төрағасы, Жамбыл облыстық сотының судьясы Мейірхан Әтібеков аудандық соттардың судьялары мен мемлекеттік қызметшілерінің қатысуымен әдеп нормаларының сақталуы жөнінде семинар-кеңес өткізді.

Меіррхан Әтібеков судьялар мен мемлекеттік қызметшілер тәуелсіз сот төрелігін қолдауға негіз болып табылатын жұртшылықтың сот төрелігі жүйесіне сенімін нығайту мақсатында мінез-құлықтың жоғары стандарттарын көрсетуге және ұстануға міндетті екенін атап өтті. «Өзінің кәсіби қызметінде және қызметтен тыс уақытта судьялар мен мемлекеттік қызметшілер заңдарды, Судьялар әдебі кодексін және жалпы қабылданған мораль нормаларын сақтауы қажет», - деді ол.

Семинар-кеңес соңында судьялардың кәсіби дағдысын жетілдіру бойынша  ұсынымдар қабылданды.

Қайнар: 
Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі