Павлодар облыстық соты мен "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды
Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасында салтанатты түрде Меморандумға қол қою рәсімі өтті.
Іс-шараға облыстық соттың төрағасы Мұхтар Смағұлов, Кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Байсейітов және облыстың ірі бизнес-қоғамдастықтарының өкілдері қатысты.
Аумақтық деңгейде тиімді өзара әрекеттесу үшін негіздеме болатын құжат Павлодар облыстық сотының төрағасы Мұхтар Смағұлов пен Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасы директоры Серік Байсейітовтың қолтаңбаларымен бекітілді.