Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьялары неолит дәуірінің ескерткіші қазақтың «Стоунхэнджі» - «Ақ бауырға» барып қайтты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облысының судьялары «Рухани жаңғыру», «Туған жерге тағзым» рухан жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру аясында неолит дәуірінің ескерткіші қазақтың «Стоунхэнджі» атанған «Ақ бауыр» тарихи-археологиялық кешенге барып қайтты.

Сапардың негізгі мақсаты – ұрпақтар сабақтастығын дамыту және нығайту, сондай-ақ туған өлкенің мәдени мұраларын зерттеу, туған жерге тағзым ету.

«Ақ бауыр» тарихи-археологиялық кешені – табиғаттың, тарих пен археологияның бірегей ескерткіші. Оның аумағында көптеген археологиялық ескерткіштер – әр түрлі дәуірлердің петроглифтері, қола дәуір қорымдары, сирек  археологиялық кешендер – «мұртты» қорғандаренетін, ерте темір ғасыр қорғандары, ерте орта ғасыр дәуіріне жататын қорымдар шоғырланған. Мұндағы жартастарда б.д.д. V–III мыңжылдықтарда охра бояуымен безендірілген суреттері бар үңгір ерекше орын алады. Осы аумақтың киелі жерге айналуына өзіндік табихи факторлар себеп болғандай. Бұл жерде маусымдық-күнтізбелік циклға жататын күрделі жөн-жоралғылар, жерлеу әдет-ғұрыптары ғана өткізіліп қоймаған, сонымен қатар Күнге, Ай мен жұлдыздарға астрономиялық бақылау жасалып, Күн мен түннің теңесуін және күннің тоқырауын белгілеп отырған.

Шексіз дала мен туған өлке аумағы, сонымен бірге, көне дәуір ескерткіші  судьяларға ұмытылмас әсер сыйлады.

Қайнар: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі