Астана қалалық сотында мерекелік жиын өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Астана қалалық сотында Қазақстан Республикасының Конституциясының 19 жыдығына арналған салтанатты жиын өтті.

Қалалық сот төрағасы Тілектес Бәрпібаев қатысушыларды алдағы мемлекеттік мерекемен құттықтап, Ата Заңымыздың мемлекет пен қоғамның дамуындағы және әрбір қазақстандықтың өміріндегі рөлін атап өтті.

Салтанатты іс-шара марапаттау рәсімімен жалғасты. Көп жылдық және жемісті жұмысы, сот жүйесінің дамуына маңызды үлесін қосқаны үшін төраға Астана қалалық және аудандық соттардың бірқатар судьяларын медальдармен және төсбелгілерімен марапаттады.

Мамандандырылған ауданаралық кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі сотының судьясы Ж.Қ. Алпысбаева, Алматы аудандық сотының судьясы А.Б. Бакишев, мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотының судьясы Е.С Қосмұратов, Астана қалалық сотының судьясы Р.Қ. Жакудина және мамандандырылған ауданаралық әкімшілік істер жөніндегі сотының судьясы Г.К. Жолдасбаев алғыс хатымен марапатталды.

Көп жылдық мінсіз және жемісті жұмысы үшін III дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медаліне Астана қалалық сотының судьялары Д.Ғ.Қисықова мен Г.К. Жүсіпбекова ие болды.

Астана қалалық сотының судьялары Д.Ж. Балықов «Үш би» құрмет белгісімен, Ж.Б. Ермағамбетова «Сот жүйесінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі