Архив событий

27/08/2014

Сотта тараптар бітімгершілік келісімге келді

27/08/2014

Ақтөбе қалалық сотында «А.В.Буйнов» ЖК-нің жауапкер Б.Ж.Турлиннен 122 600 теңге мөлшерінде сыйақыны, айыппұлды және тұрақсыздық айыпақыны өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Талап-арызда тараптар ақылы қызмет көрсету туралы шарт жасасып, талап қоюшы жауапкерді жұмысқа орналастыруға міндеттеліп, ал жауапкер талап қоюшының қызметі үшін шартты және уақтылы сыйақы төлеуге міндеттелген. Алайда, шартта көрсетілген мерзімнің өтуіне қарамастан жауапкер өз міндетін орындамаған, сол себепті талап қоюшы сотқа жүгінуге мәжбүр болған.

Ақмола облыстық соты ҚР Конституциясының алғашқы Тамыз оқуларын өткізді

27/08/2014

Бүгін Ақмола облыстық соты «Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттілік және қолданыстағы заңнама дамуының негізі» деген тақырыпта Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған алғашқы облыстық Тамыз оқуларын өткізді.

Бұл іс-шараны Ақмола облыстық соты Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық ғылыми әмбебап кітапханасымен бірге ұйымдастырды.