Архив событий

04/08/2014

Кәсіпкер қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін бас бостандығынан айырылды

04/08/2014

2014 жылғы 4 тамызда  Батыс Қазақстан облысының Зеленов аудандық №2 сотында Қылмыстық Кодексінің 325б. 1б., 325б. 3б., 228б., 278 бабымен  өкілеттігін теріс пайдаланып, жалған құжаттар дайындап, экологиялық талаптарды бұзды деп айыпталған Нәсіпқали Машановқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі жарияланды

Қылмыстық Кодекс «Алау» телеарнасында талқыланды

04/08/2014

Қостанай қаласы №2 сотының судьясы Н.А. Бусько 2014 жылғы 2 тамызда «Алау» телеарнасында тікелей эфирде өткен бағдарламаға қатысты.

Бағдарлама барысында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексіне енгізілген маңызды өзгерістер, атап айтқанда, қылмыстық  заңнаманың жеңілдетілуі қылмыстың өсуіне қалай әсер етеді деген мәселелер талқыланды.

Сот талапкердің бұрынғы лауазымға орналасу құқығын қалпына келтірді

04/08/2014

Алматы қаласының №2 Алмалы аудандық сотында Р.Қожахметтің «СИНОПЭК Қазақстан Халықаралық Мұнай Қызмет Көрсету» ЖШС-не жұмысқа қайта орналасу, бұйрықты заңсыз деп тану, еңбек ақы, моральдық залал өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Азаматтық істің материалдарына сәйкес, талапкер сотқа өз еңбек құқықтарын қорғау мақсатында жүгінген. Ол өз талап арызында аталған ЖШС-ден заңсыз шығарылғанын мәлімдеген.