Архив событий

14/08/2014

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады

14/08/2014

Кездесуде республика соттарының 2014 жылғы бірінші жартыжылдықта атқарған жұмыстарының қорытындысы, Жоғарғы Соттың ағымдағы қызметі, сондай-ақ алдағы кезеңнің міндеттері  талқыланды.

Кездесу барысында Н.Ә. Назарбаев сот жүйесі мемлекеттік басқаруды жетілдіруде, еліміздің алдында тұрған әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуде, шағын және орта бизнес субъектілері мен инвесторлардың құқықтарын қорғауда, олардың қызметі үшін оңтайлы жағдайлар жасауда айрықша орын алатындығын атап өтті.

Ресейлік әріптестер Маңғыстау облыстық сотының ұжымына алғыс білдірді

14/08/2014

Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Д.Әміровтың атына Ресей Федерациясы Санкт-Петербург қалалық сотынан  алғыс хат келіп түсті.

Санкт-Петербург қалалық соты Е.А.Малгареев, А.В.Чекашкин және Ю.Ю.Жалғасовтың қатысуымен қылмыстық іс бойынша істің қаралуына көмектескені үшін Маңғыстау облыстық сотының төрағасы мен ұжымына өз алғыстарын білдірді.

Маңғыстау облысы 2014 жылғы 23 шілдеде С.В.Ивановтың қылмыстық ісі бойынша куәлардан жауап алу үшін Санкт-Петербург қалалық сотымен бейнебайланыс ұйымдастырды.

Алматы облыстық сотында Кодекстердегі өзгерістер талқыға түсті

14/08/2014

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының жаңадан қабылданған Қылмыстық кодексі мен Қылмыстық іс жүргізу кодекстерін талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Алматы облысының сот, прокуратура , адвокатура, ішкі істер органдарының, қылмыстық-атқару және салық басқармаларының өкілдері қатысты.