Архив событий

31/07/2014

Алматы облысының соттары құқықтық көмек көрсетті

31/07/2014

2014 жылы 31 шілде күні Алматы облысының соттарында халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті көтеру, сот саласына деген халықтың сенімділігін арттыру мақсатында Алматы облысының барлық соттарында «Ашық есік күні» өткізілді. Өңір тұрғындарына өздерінің туындаған сұрақтарын қоюға мүмкіндік берілді.

Заң көмегін алуға сот істреі бойынша талапкерлер мен жауапкерлер, сондай-ақ қатардағы азаматтар жүгінді. Соттар облыс бойынша 300-ден астам адамды қабылды,тыңдады.

Заңға енгізілген өзгерістер талқыланды

31/07/2014

Қостанай гарнизонының Әскери сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, Қылмыстық іс жүргізу кодексі мен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаларына енгізілген өзгерістерді талқылау»  атты дөңгелек үстел өткізілді. 

Іс-шараға Қостанай гарнизоны Әскери сотының судьялары мен мамандары, гарнизон прокуратурасының қызметкелері, әскери-тергеу және әскери полиция қызметкерлері, әскери бөлімдердің заңгерлері қатысты.