Алматы облысының соттары құқықтық көмек көрсетті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2014 жылы 31 шілде күні Алматы облысының соттарында халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті көтеру, сот саласына деген халықтың сенімділігін арттыру мақсатында Алматы облысының барлық соттарында «Ашық есік күні» өткізілді. Өңір тұрғындарына өздерінің туындаған сұрақтарын қоюға мүмкіндік берілді.

Заң көмегін алуға сот істреі бойынша талапкерлер мен жауапкерлер, сондай-ақ қатардағы азаматтар жүгінді. Соттар облыс бойынша 300-ден астам адамды қабылды,тыңдады.

Келушілердің басым көпшілігінің сұрақтары сотта азаматтық құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуы және еңбек, жер, тұрғын үй, отбасылық қарым-қатынасқа байланысты болды. Сонымен қатар, Алматы облысының Ақсу ауданы «Қызылағаш» ауылынан денсаулық жағдайына қарамастан, 85 жастағы Төлек Асылбеков келіп, өзіне тиесілі жер үлесі туралы сұрағына жауап алды.

Судьялар қойылған әр сұраққа толық әрі жан-жақты заңды жауап берілді.

Қайнар: 
Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі