Архив событий

28/07/2014

Кісі өлтірушілерге қатысты үкім өзгеріссіз қалды

28/07/2014

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Астраханка ауылының тұрғыны А. Мергембаев 23 жылға, Көкшетау қаласының тұрғыны С. Иктисамов 20 жылға бас бостандығынан айырылып, жазаларын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеуге сотталды. Бұған қоса, сот сотталғандарға тиесілі барлық мүлікті мемлекет пайдасына тәркілеу туралы қаулы шығарды.

Сот адвокатты алаяқтық жасады деп таныды

28/07/2014

Орал қалалық сотында қызмет бабын пайдаланып алаяқтық жасаған және мемлекеттік лауазымды атқарушы адамға делдал арқылы пара беруге итермелеген деп айыпталған адвокат К.Оңғарбаеваға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Алдын ала тергеу органдары  К.Оңғарбаева алдау және сенімге қиянат келтіру арқылы өзгенің мүлкін ұрлау, дәлірек айтқанда, сотта азаматтық істі қарау кезінде өзі мүддесін қорғаған азаматша Х-дан 100 000 теңге көлемінде ақшаны ұрлау қылмысын жасады деп айыптады. К.Оңғарбаева ақшаны Х-дан судьяға беремін деген желеумен алған.