Архив событий

15/07/2014

Бүгін Жоғарғы Соттың кезекті жалпы отырысы өтті

15/07/2014

Бүгін Қайрат Мәмидің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кезекті жалпы отырысы өтті.

Жалпы отырыста «Қазақстан Республикасы соттарының азаматтық істер бойынша сот шығындары туралы заңдарды қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы №  9 нормативтік қаулысына  (30.12.2011 жылғы өзгерістерімен және толықтырулармен бірге) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» нормативтік қаулы қабылданды.

Қызылорда облысының жаңадан тағайындалған судьялары ант қабылдады

15/07/2014

Бүгін Қызылорда облыстық сотында жаңадан тағайындалған судьялар ант қабылдады.

Салтанатты іс-шараға Қызылорда облыстық сотының төрағасы Н.М. Қайырбеков, облыстық соттың алқа төрағалары мен судьялары, кеңсе басшысы, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары қатысты.