Архив событий

03/07/2014

Аудандық сотының төрағасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараға қатысты

03/07/2014

Қостанай облысы Қарасу аудандық сотының төрағасы Б.Есмұхамбетов «Нұр Отан» партиясы Қарасу аудандық филиалының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңесінің отырысына қатысты.

Қоғамдық кеңестің құрамына Қарасу ауданы мемлекеттік органдарының басшылары мен аудандық ішкі істер бөлімі және прокуратура өкілдері кіреді.

Қоғамдық кеңес қатысушылардың баяндамаларын талқылап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру және оған жол бермеу бағытындағы жұмысты одан әрі күшейту қажет деген шешімге келді.