Архив событий

11/07/2014

Шығыс Қазақстан облысы соттарының 2014 жылғы бірінші жартыжылдықтағы жұмысы қорытындыланды

11/07/2014

Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық сотында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы І.С. Испановтың қатысуымен облыс соттарының 2014 жылғы бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындысына арналған кеңейтілген кеңес өтті.

Кеңеске облыстық сот төрағасы А.Ж. Рахметтуллин, облыстық соттың алқа төрағалары мен судьялары, сондай-ақ қалалық және аудандық соттардың судьялары қатысты.   

Бүгін Ақмола облыстық сотында Қайрат Мәмидің қатысуымен кеңейтілген кеңес өтті

11/07/2014

Бүгін Ақмола облыстық сотында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәмидің қатысуымен бірінші жартыжылдықта атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша кеңейтілген кеңес өтті. 

Кеңеске Ақмола облысының әкімі С.В. Кулагин, облыстық соттың судьялары, қалалық және аудандық соттардың төрағалары мен судьялары қатысты.

ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Департамент басшысы Деректерді өңдеу орталығында болды

11/07/2014

2014 жылғы 10 шілде күні Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары шеңберінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы І.С. Испанов Өскемен қаласында іске қосылған Деректерді өңдеу орталығында болды.

Деректерді өңдеу орталығы – деректерді өңдеу, сақтау және тасымалдау бойынша бағдарламалық-аппараттық кешендерді орналастыру және қолдану үшін құрылған қолдау және сүйемелдеу қызметтерін біріктіретін инженерлік инфрақұрылым. 

Жоғарғы Сот жанындағы Департамент басшысы Шығыс Қазақстан облысы соттарының жұмысымен танысты

11/07/2014

2014 жылғы 10 шілдеде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ілияс Сапарбекұлы Испанов Шығыс Қазақстан облысы соттарында болып, облыстық сот кеңсесінің ұжымымен кездесті.

І.С. Испановтың жұмыс сапары ҚР Президентінің 2014 жылғы 3 шілдедегі Жарлығымен аудандық және оған теңестірілген соттарда жаңадан тағайындалған судьяларға арналған жұмыс орындарымен танысудан басталды.