Архив событий

24/07/2014

Ш.Есенов атындағы универститетінің бұрынғы бухгалтерлеріне қатысты сот үкімі жарияланды

24/07/2014

Бүгін Ақтау қалалық сотында судья Г.Н.Айжарықованың төрағалық етуімен Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті бұрынғы бас бухгалтері мен үш бухгалтеріне қатысты сот үкімі шықты.

«Жайықжылуқуат» басшысына қатысты жаза түрі өзгертілді

24/07/2014

Батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы  «ұйымдасқан қылмыстық топ құрды және кәсіпорын қаржысын жымқырды» деп айыпталған «Жайықжылуқуат» АҚ бұрынғы бас директоры Ринат Нұрышывқа қатысты Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты  үкімнің тағайындалған жаза және түзеу мекемесінің режим түріне қатысты бөлігін өзгертті.

Судьяға қол көтерген заңгер үш жылға бас бостандығынан айырылды

24/07/2014

Бүгін Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотында судьяны шыбынұрғышпен ұрған заңгер Евгений Танковқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық істің материалдарына сәйкес, заңгер Евгений Танков ағымдағы жылдың 19 наурызында сот отырысы кезінде Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотының судьясы А. Алшынбековті бірнеше рет шыбынұрғышпен ұрып жіберген. Осы оқыс оқиғадан кейін ол тұтқынға алынды.

Ақтөбе қаласының соты бөтен мүлкін ұрлау туралы қылмыстық іс қарады

24/07/2014

Кеше Ақтөбе қаласының №2 сотында ҚР ҚК-нің 177 бабының 3 бөлімінің «б» тармағы, 24 бабы 3 бөлімі - 177 бабының 2 бөлімінің «а,б» тармақтары, 325 бабының 2 бөлімі бойынша Э.Б.Баязоваға, Ж.С.Оразовқа, А.Т.Нұршинге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Азаматтардың бұзылған Конституциялық құқығы қалпына келтірілді

24/07/2014

Кеше Маңғыстау облысы Ақтау қаласының №2 сотында Н. және Б. есімді талапкерлер тарапынан түскен арыз бойынша жауапкерлер У. мен  «Қазақстан» ТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалына қатысты сот отырысы өтті.

Басты сот талқылауында талапкерлер «Қазақстан» ТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалының «Көзбе-көз» бағдарламасында өздерінің ар-намысына, абыройына және іскерлік беделіне нұқсан келтірілгенін, сол себепті жауапкерлерден моральдық залалдың өтемақысын және сот шығындарын өндіруді сұрады.