Ш.Есенов атындағы универститетінің бұрынғы бухгалтерлеріне қатысты сот үкімі жарияланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Ақтау қалалық сотында судья Г.Н.Айжарықованың төрағалық етуімен Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті бұрынғы бас бухгалтері мен үш бухгалтеріне қатысты сот үкімі шықты.

Сотталушыларға Қазақстан Республикасы  ҚК 176-бабы 4 бөлігінің «б» тармағымен (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу), 193-бабы 3 бөлігінің «в» тармағымен (қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастыру), 218-бабымен (ҚР-ның бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасын бұзу), 325-бабының 2, 3 бөліктерімен  (жалған құжаттарды жасау) көзделген қылмысты жасады деп айыпталған болатын.

Сотталушыларға 2012 жылғы 2 шілде мен 2014 жылғы қаңтар аралығында жұмыс жасай отырып, жалған құжаттар жасау арқылы 660 млн теңгеден аса қаржыны жымқырған деген айып тағылған.

Сот отырысы ашық түрде өткізіліп, оған БАҚ өкілдері қатысты.

Сот үкімімен бас бухгалтер З.Қаратаеваға мүлкі тәркіленіп, қаржы бухгалтерлік саласында қызметпен айналысу құқығынан 3 жыл мерзімге дейін айыру, 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Бухгалтер К.Тілепованың мүлкі тәркіленіп, қаржы саласында қызметпен айналысу құқығынан 3 жыл мерзімге дейін айыру, 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Бухгалтерлер Б.Сүлейменова мен М.Юсупованың мүлкі тәркіленіп, қаржы бухгалтерлік саласында қызметпен айналысу құқығынан 3 жыл мерзімге дейін айырылып, 5жыл бас бостандықтарынан айыру жазасы тағайындалды.

Сотталушыларға қатысты үкімщқылғаннан кейін қамауға алынды. Бұрын олар ешқайда кетпеу туралы қолхат беру кепілмен босатылған болатын.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Үкімге наразы тарап он бес тәулік ішінде Маңғыстау облыстық сотына аппеляциялық тәртіппен шағым беруге және наразылық келтіруге құқылы. 

 

Қайнар: 
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі