Архив событий

04/07/2014

Ақтөбе облысының соттары 2014 жылдың жартыжылдық жұмысын қорытындылады

04/07/2014

Бүгін Ақтөбе облыстық сотында 2014 жылдың бірінші жартыжылдығының жұмыс қорытындысына арналған кеңейтілген жиын болып өтті. Іс-шараға  ҚР Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының судьясы А. Смолин, Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Е. Айтжанов, алқа төрағалары Д. Әбдәлі мен Н. Примашев, облыстық сот судьялары, облыстық соттың кеңсе басшысы, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары, кеңсе меңгерушілері, БАҚ өкілдері қатысты.

Оңтүстік Қазақстан облыстық соты 2014 жылғы бірінші жартыжылдықты қорытындылады

04/07/2014

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында 2014 жылдың бірінші жартыжылдығын қорытындылауға арналған кеңейтілген жиналыс өтті. Оған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының судьясы Ә.Құрқбаев, облыстық соттың алқа төрағалары мен судьялары,  облыстық сот кеңсесінің басшысы, аудандық соттардың төрағалары мен судьялары және кеңсе меңгерушілері қатысты.

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында Астана күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын өтті

04/07/2014

Бүгін Солтүстік Қазақстан облыстық сотында Астана күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға сот жүйесінің ардагерлері, облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары, облыстық сот кеңсесінің мамандары қатысты.

Кездесуді ашқан облыстық соттың төрағасы Мұратғали Әкетай бұл  мереке қазақстандықтар бірлігінің нышаны, Қазақстан Республикасы жетістіктерінің символы екенін атап өтті.