Кісі өлтірушілерге қатысты үкім өзгеріссіз қалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Астраханка ауылының тұрғыны А. Мергембаев 23 жылға, Көкшетау қаласының тұрғыны С. Иктисамов 20 жылға бас бостандығынан айырылып, жазаларын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеуге сотталды. Бұған қоса, сот сотталғандарға тиесілі барлық мүлікті мемлекет пайдасына тәркілеу туралы қаулы шығарды.

Іс материалдарына сәйкес, 2013 жылдың қарашасында А. Мергембаев Павлодар қаласының тұрғыны К. Омаровтың Ақмола облысының аумағында астық сатып алумен айналысатынын және саудаласушыларға қолма-қол ақша төлейтіндігінен хабардар болады. А. Мергембаев өзінің танысы С. Иктисамовқа Омаровты алдай отырып, ақшасын иемдену мақсатында онымен болмашы сатып алу-сату шарттары бойынша келіссөзге тартып, қарақшылық әдіспен оны өлтіруді ұсынады.

2014 жылғы 21 қарашада А. Мергембаев пен С. Иктисамов 1 мың тонна астығы сақталған жерді көреміз деп алдай отырып, оны көру мақсатында Омаровпен бірге Атбасар ауданы Сепе ауылына жолға шығады. Осы ретте олар Омаровтың өзімен бірге 14 000 000 теңге алып шығуын міндеттейді. Ауылға 25 шақырым қалған жерде олар көліктері бұзылып қалды деген сылтаумен тоқтайды. Мергембаев Омаровты алдын-ала дайындалған аңшылық қарумен өлтіріп, одан соң оның көлігін тінтігенімен, көздеген қаражатты таба алмайды. Көп ұзамай олар ұсталады.

Дәл осы үкіммен аталған қылмысқа дайындық барысын және кейіннен оның орын алғанын біле тұра құзырлы органдарға хабарламағаны .үшін Н.Тарасенкоға 333 360 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сотталушылардың аппеляциялық шағымы негізінде осы қылмыстық істі қараған Ақмола облыстық сотының аппеляциялық сот алқасы үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі