қылмыстық істер

Жоғарғы Сотта «Қазақстанда қылмыстық сот төрелігінің сапасын жетілдірудің өзекті мәселелері» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті

15/05/2018

Іс-шараны Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Абай Рахметулин жүргізді.

Форум Еуропалық Одақтың және Еуропа Кеңесінің қолдауымен сот жүйесін жетілдіруге бағытталған «Сот төрелігінің жеті түйіні» бағдарламасының шеңберінде ұйымдастырылды. 

Ақмола облысының соттары қылмыстық істерді «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңын қолдана отырып қарады

24/01/2017

2016 жылдың 13 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңға қол қойды.

Қостанай облыстық сотының судьялары заңсыз есірткі саудасына қатысты қылмыстық істерді қарау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар әзірледі

21/06/2016

Қостанай облыстық сотында өткен «дөңгелек үстеле» судьялардың және құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен заңсыз есірткі саудасына қатысты қылмыстық істерді қарау барысында туындайтын мәселелер талқыланды.

Кездесуді аша келе, облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Арман Шәмшиев тақырыптың өзектілігін атап өтті.

Жоғарғы Сотта қылмыстық істер жөніндегі сот төрелігін жүзеге асыру мәселелері талқыланды

10/12/2015

Бүгін Жоғарғы Сотта сот ісін жүргізудің жаңа үш деңгейлі моделі шеңберінде қылмыстық істер жөніндегі сот төрелігін жүзеге асыру мәселелері бойынша семинар өтті. Іс-шараны Жоғарғы Сот Дүниежүзілік Банктің қолдауымен «Қазақстан Республикасының сот төрелігі секторын институционалдық нығайту» жобасының шеңберінде ұйымдастырды.

Атырау облыстық сотында қылмыстық істер бойынша дәлелдемелерді бағалаудың мәселелері талқыланды

30/10/2015

Атырау облыстық сотында «Қылмыстық істер бойынша дәлелдемелерді бағалаудың мәселелері»  тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Оның жұмысына қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Қ.Нұрышев, облыстық соттың, аудандық және қалалық соттардың судьялары мен облыстың құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

2014 жылдың қорытындысы бойынша республика соттарына түскен қылмыстық істердің саны азайды

26/01/2015

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты 2014 жылы республика соттарының  қылмыстық істер бойынша сот төрелігінің іске асыруын қорытындылады. БААТЖ мәліметтеріне сәйкес, өткен жылы республиканың аудандық және оған теңестірілген соттарына 43 878 қылмыстық іс түскен. 2013 жылға (48 063 іс) қарағанда оның мөлшері 4 185 іске, яғни 8,7%-ға азайған. Олардың ішінде 43 794 қылмыстық іс қаралып аяқталды, 2013 жылдың (47 460) көрсеткішімен салыстырғанда 7,7%-ға азайған.

ШҚО судьялары Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауын талқылады

21/11/2014

Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық сотында қылмыстық істер бойынша апелляциялық сот алқасының төрағасы Е.Дәулиевтің «Нұрлы жол –болашаққа бастар жол» атты Елбасы Жолдауын онлайн режимінде талқыланды. Іс-шараға  сот төрағалары, сондай-ақоблыс, ауданаралық және оған теңестірілген соттардың судьялары қатысты.

Қазақстан Республикасы Судьялар одағы филиалының төрағасы Е.Өтешев Елбасы Жолдауының сот жүйесіндегі рөлін атап өтті.

Кісі өлтірушілерге қатысты үкім өзгеріссіз қалды

28/07/2014

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Астраханка ауылының тұрғыны А. Мергембаев 23 жылға, Көкшетау қаласының тұрғыны С. Иктисамов 20 жылға бас бостандығынан айырылып, жазаларын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеуге сотталды. Бұған қоса, сот сотталғандарға тиесілі барлық мүлікті мемлекет пайдасына тәркілеу туралы қаулы шығарды.

Үкім өзгеріссіз қалдырылды

09/07/2014

Батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы бірінші сатыдағы соттың үкімімен 12 жылға бас бостандығынан айырылған, облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бұрынғы басшысы Мүслім Ондағановтың апелляциялық шағымын қарады.