ШҚО судьялары Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауын талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық сотында қылмыстық істер бойынша апелляциялық сот алқасының төрағасы Е.Дәулиевтің «Нұрлы жол –болашаққа бастар жол» атты Елбасы Жолдауын онлайн режимінде талқыланды. Іс-шараға  сот төрағалары, сондай-ақоблыс, ауданаралық және оған теңестірілген соттардың судьялары қатысты.

Қазақстан Республикасы Судьялар одағы филиалының төрағасы Е.Өтешев Елбасы Жолдауының сот жүйесіндегі рөлін атап өтті.

Іс-шараға қатысушылар өздерінің баяндамаларында Жолдаудың негізгі бағыттарын сонымен қатар, Елбасы жаолдауының сот жүйесіндегі рөлі мен міндеттерін талқылады.

Талқылау барысында, Елбасы Жолдауындағы алға қойған міндеттер туралы ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы А.Рамазанов, Қазақстан Республикасының әкімшілік сот істерін жүргізу бойынша Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Е.Кұдербаев сөз қөзғады.

Кеңесті қорытындылай келе, Е.Дәулиев жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғау сапасын жақсартудың жүйелі шараларын іске асыруға байланысты судьялар корпусының алдына бір қатар міндеттерді қойды атап өтті.

Источник: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі