Елбасы Жолдауы

Қ.Мәми Абай атындағы ҚазҰПУ Сорбонна – Қазақстан институтында Жолдауды іске асыру бойынша ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты

17/02/2017

Бүгін 17 ақпанда Жоғарғы Сот Төрағасы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдау бойынша республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысты.

Форум Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Сорбонна – Қазақстан институтында  өтті. Іс-шараға Конституциялық Кеңестің Төрағасы Игорь Рогов, республиканың ғылыми интеллегенция өкілдері мен жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы қатысты.   

Жоғарғы Сот «Заңды тұлғаны тіркеуді (қайта тіркеуді) заңсыз деп тану» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді

17/02/2017

Бүгін Жоғарғы Сотта «Заңды тұлғаны тіркеуді (қайта тіркеуді) заңсыз деп тану» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Іс-шарада Жоғарғы және жергілікті соттардың судьялары, Бас прокуратураның, Әділет министрлігінің, Ұлттық экономика министрлігінің, Мемлекеттік кірістер комитетінің «Атамекен» кәсіпкерлердің ұлттық палатасының өкілдері қатысты. Қазақстан Республикасы азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы іс-шараны аша отырып, сөз сөйледі.

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Е.Айтжанов Мемлекет басшысының Жолдауы бойынша сөз сөйледі

08/02/2017

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Ерлан Айтжанов Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы бойынша орталық коммуникациялардың аймақтық қызметінде болған брифингте сөз сөйледі.

Жамбыл облыстық соты Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылады

08/02/2017

Жамбыл облыстық сотының төрағасы Рүстем Алшынбаев Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын талқылауға арналған кеңес  өткізді.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьялары Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылады

07/02/2017

Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»  атты Жолдауын талқылау мақсатында жұмыс кеңесін өткізді.

Сенат депутаттары Б.Бекназаров пен М.Күбенов Павлодар облыстық сотында болды

06/02/2017

Павлодар облыстық сотында Парламент Сенаты төрағасының орынбасары Бектас Бекназаровтың облыс судьяларымен кездесуі өтті.

Аталған кездесуде Мемлекет басшысының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы талқыланды.

Ақтөбе облыстық сотында Елбасының Жолдауын түсіндіру бойынша судьялардың жұмыс кеңесі өтті

03/02/2017

Ақтөбе облыстық сотында судьялардың қатысуымен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша судьялардың жұмыс кеңесі өтті.  

Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Ж.Аланов – «Жолдаудың негізі – қазіргі жаһандық қатерлермен күресу жоспары емес, болашаққа апарар берік көпірі»

03/02/2017

Маңғыстау облыстық сотында Елбасы ұсынған «Қазақстан Республикасы Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі» Үндеуі талқыланып, «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы таныстырылды. .

Іс-шараға Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Ж.Аланов, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары,  Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы М.Епенова, сот қызметкерлері қатысты.

Парламент Сенатының депутаты Б.Әйтімова Батыс Қазақстан облысының судьяларымен кездесті

03/02/2017

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі Комитетінің Төрайымы Бірғаным Әйтімова жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облыстық сотында болды.

Облыстық соттың алқа төрағасы Бақытбек Бегалиев мәртебелі қонақты судьялар корпусына таныстырып, арнайы келгені үшін мейманға алғысын білдіріп, сөз кезегін берді.

Жоғарғы Сот Жолдауды белсенді іске асыруға кірісті

03/02/2017

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Мемлекет басшысының Жолдауын орындау шеңберіндегі судьялар корпусының алдына тұрған міндеттерді жүзеге асыру бойынша Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми жұмыс кеңесін өткізді.

Іс-шараға Жоғарғы Соттың алқа төрағалары, сондай-ақ Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті мен Сот төрелігі академиясының басшылығы қатысты.

Беттер