Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьялары Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»  атты Жолдауын талқылау мақсатында жұмыс кеңесін өткізді.

Кеңесті аша отырып, облыстық соттың төрағасы Досжан Әміров  Елбасының Жолдауына сәйкес, еліміздің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру қажеттігін атап өтті. Жолдауда Елбасы Н.Назарбаев: «Қазақстанның бірінші жаңғыруы – ол әлем картасында болмаған жаңа мемлекеттің құрылуы. Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу жүзеге асырылды. Қазақстан бұл кезеңде аз шығын шығарып, зор жетістіктерге қол жеткізді. Екінші жаңғыру «Қазақстан-2030» стратегиясының қабылдануымен және жаңа елорда – Астананың салынумен басталды. Еліміз экономикалық тұрғыдан артта қалған аймақтан шығып, әлемдегі экономикасы бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына кірді. Табысты өткен екі жаңғыру арқылы баға жетпес тәжірибе жинақтадық. Біз енді алға батыл қадам басып, Үшінші жаңғыруды бастауға тиіспіз. Бұл жаңғыру – қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа, «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ. Ол Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» базасында өткізіледі», - деген болатын.

Кеңес барысында Судьялар одағының өңірлік филиалының төрағасы Ғ.Әлипанова баяндамасында Елбасы Жолдауының бес негізгі басымдылығына  ерекше тоқталып өтті.  Олар экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы,  бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту, макроэкономикалық тұрақтылық, адами капитал сапасын жақсарту, институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты. Уақыт талабын лайықты қабыл алып, елімізді одан әрі жаңғырту жөніндегі міндеттерді орындау негізінде Мемлекет басшысы Үкіметке «Қазақстанның ұлттық технологиялық бастамасы» деп аталатын Елді үшінші жаңғырту жөніндегі 2025 жылға дейінгі дамудың стратегиялық жоспарын әзірлеуді тапсырды.

Судьялар Елбасының «Қазақстандықтардың қиындықтарды толығымен жеңіп, Қазақстанды кейінгі ұрпақ үшін бұдан да өсіп-өркендеген елге айналдырамыз», - деген сенімділігін толықтай қолдады.      

Источник: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі