Архив событий

20/02/2017

Шығыс Қазақстан облыстық сотында «Жер учаскелерін дұрыс пайдаланбауға байланысты мемлекет мұқтажына алу» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

20/02/2017

Семинар Жоғарғы Сот Төрағасының жер учаскелерін мемлекет мұқтажына алуға байланысты сот төрелігін сапалы жүргізуге бағытталған тапсырмасын орындау мақсатында ұйымдастырылды.

Ақмола облысының сотында татуласу келісімі бекітіліп, заңсыз жұмыстан шығарған оқытушы жұмыс орнына қайта орналастырылды

20/02/2017

Ақмола облысы Қорғалжын аудандық сотына азаматша Ж. балалар музыкалық мектебі директорының жұмыстан шығару жөніндегі бұйрығын заңсыз деп тану, жұмысқа қайта орналастыру, еріксіз бармаған күндерге еңбекақы және әлеуметтік жәрдемақыны өндіріп алу, сонымен қатар, жыл сайынғы еңбек демалысы жөніндегі берешекті төлеу туралы талап арызымен жүгінді.

Елордалық ювеналды соттың төрағасы Н.Раззак ҚР және ЮНИСЕФ арасында ынтымақтастық бағдарламасын іске асыруды талқылауға қатысты

20/02/2017

Астана қаласы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың төрағасы Назиля Раззак   Қазақстандағы 2016-2020ж.ж. ҚР Үкіметі және ЮНЕСЕФ ынтымақтастық бағдарламасын іске асыру нәтижелерін қорытындылау бойынша жиналыс жұмысына қатысты.

Қостанайда сот пәтерді жекешелендіруден бас тартуды заңсыз деп тапты

20/02/2017

Қостанай қалалық сотына Т. қаладағы пәтерді жекешелендіруден бас тарту туралы Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің шешімін заңсыз деп тану туралы шағымымен жүгінді.

Сот отырысы барысында талапкер мәлімдегендей, 1998 жылдың 6 наруызындағы әкімнің өкіміне сай, үй кезегінде тұрған оның жұбайына  аумағы 80.8 шаршы метр болатын 4 бөлмелі пәтер берілген. Шағымданушы мен оның отбасы мүшелері осы күнге дейін аталған пәтерде тұрып жатыр.