Архив событий

28/02/2017

Қостанай облысының екі аудандық сотында жаңа төраға тағайындалды

28/02/2017

Облыстық сот төрағасы Асламбек Мерғалиев Таран және Наурызым аудандарының активіне аудандық соттардың жаңадан тағайындалған төрағалары - Сабыр Тажкенов мен Серік Әміровпен таныстырылды.

«Төрағалар - өз ісінің мамандары. Жаңа қызметте де олар әділдік пен заңдылық жолындағы қажырлы еңбегін жалғастыратындықтарына сенімдімін,- деді А.Мерғалиев.  Олар ұзақ жылдар сот жүйесінде еңбек етіп, мол тәжірибе жинақтаған мамандар, теориялық және кәсіби біліктілігін бағалаған аттестациялық комиссияның оң бағасын алған  судьялар.

Маңғыстау облыстық сотында қайта тағайындалған судьялар таныстырылды

28/02/2017

Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Ж.Аланов қайта тағайындалған судьяларды таныстырды.

Президентінің Жарлығымен Б.Тоқбаев Мұнайлы аудандық сотының, Қ.Бозшағұлов Ақтау қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының және М.Жұмаева Ақтау қаласының №2 сотының судьясы қызметіне тағайындалды.

Сондай-ақ, осы Жарлықпен Ш.Есбағанбетов Маңғыстау  облыстық сотының судьясы қызметіне тағайындалды.

Павлодарда сот қарыз шотын жүргізгені үшін комиссия алу бойынша Банктің әрекетін заңсыз деп таныды

28/02/2017

Талапкер банктік қарыз шартының қарыз шотын жүргізгені үшін  Банкпен берілген қарыз соммасынан 0,5 % мөлшеріндегі ай сайынғы комиссияны өндіріп алу  туралы шарттарын қолданыстағы банктік қызмет саласындағы заңнама талаптарына, сонымен бірге азаматтық  заңнамалардың  нормаларына қайшы келуіне орай жарамсыз болып табылатынына сене отырып Банкқа деген талап арызымен сотқа жүгінді.

Шығыс Қазақстан облыстық сотында жаңадан тағайындалған сот төрағасы мен судьялар таныстырылды

28/02/2017

Шығыс Қазақстан  облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров  жаңадан тағайындалған аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағасы мен судьяларын таныстырды.

Президенттің Жарлығына сәйкес Күршім ауданының № 2 аудандық сотының төрағасы қызметіне Руслан Омаров, Үржар ауданының № 2 сотының судьясы қызметіне Роллан Тоқтаров, Өскемен қаласының №2 сотының судьялары қызметіне Жанар Еңсебаева және Төлеуғали Жұмагелдин, Өскемен қалалық сотының судьялары қызметіне Салтанат Базарова және Асемгүл Қасенова тағайындалды.

Алматы облыстық сотының төрағасы М.Таймерденов Қарасай ауданының белсенділеріне қайта тағайындалған судьяны таныстырды

28/02/2017

Президенттің Жарлығына сәйкес, Көкшетау қалалық сотының төрағасы лауазымынан босатыла отырып, Алматы облысы Қарасай аудандық сотының төрағасы лауазымына Мәди Көшікбаев тағайындалды.

Мейрамбек Таймерденов, Қарасай ауданының белсенділеріне қайта тағайындалған сот төрағасы Мәди Көшікбаевті таныстырып, оған жұмысында табыс, сондай-ақ Мемлекет басшысының судьяларға артқан сенімін ақтауды тіледі.

Атырауда дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны талқылау арналған семинар-тренинг өтті

28/02/2017

Атырау қаласында «Қазақстан медиаторлары қауымдастығы» ЗТБ-ның бас директоры, тренер-медиатор Жанділда Жакупов «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыру» тақырыбында тренинг өткізді.

Тренингтің тыңдаушылары ретінде судьялар, медиаторлар, нотариустар мен «Нұр Отан» партиясының өкілдері қатысты.

Батыс Қазақстан облыстық сотының алқа төрағалары Тасқала және Шыңғырлау аудандарының активтерімен кездесті

28/02/2017

Облыстық соттың алқа төрағалары Бақытбек Бегалиев және Мирамбек Нағашыбаев  Тасқала, Шыңғырлау аудандарында болған жұмыс сапарларында мемлекеттік мекемелердің және құқық қорғау органдарының басшыларымен, кәсіби және кәсіби емес медиаторлармен кездесу өткізді.

Ақмола облыстық сотының төрағасы Н.Әбдіқанов қайта тағайындалған судьяларын таныстырды

28/02/2017

Президентінің Жарлығымен Бақытжан Нұрмағамбетов Есіл аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып Аршалы аудандық сотына төраға қызметіне, Саят Төребеков Зеренді аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына судья қызметіне тағайындалды.

Аталған Жарлық бойынша Бурабай аудандық сотының судьясы Баян Әділбекова зейнеткерлік жасқа толуына байланысты атқаратын қызметінен босатылды.