Атырауда дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны талқылау арналған семинар-тренинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау қаласында «Қазақстан медиаторлары қауымдастығы» ЗТБ-ның бас директоры, тренер-медиатор Жанділда Жакупов «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыру» тақырыбында тренинг өткізді.

Тренингтің тыңдаушылары ретінде судьялар, медиаторлар, нотариустар мен «Нұр Отан» партиясының өкілдері қатысты.

Ж.Жакупов азаматтық сот өндірісінде даулардың жекелеген санаттары бойынша медиация институтын міндетті түрде қолдануды енгізу бойынша пилоттық жобаның өзектілігін атап өтті.

«Жоба татуластыру рәсімдерінің қолдану аясын кеңейтуге, азаматтардың сот шығындарын азайтуға, халықтың дауларды соттан тыс реттеуге қызығушылығын анықтауға бағытталған» - деп атап көрсетті семинар тренері. Сонымен қатар, ол медиация рәсімін қолдану қажет болатын даулар (жанжалдар) санатына тоқталып, оның қоғамдағы шиеленістің төмендеуіне әкеліп соқтыратын тиімді жақтарын көрсетті.

Семинарға қатысушылар пилоттық жобаны қолдап, оның жүзеге асырылуына дайындықтарын білдірді.

Қайнар: 
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі