Архив событий

08/02/2017

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Е.Айтжанов Мемлекет басшысының Жолдауы бойынша сөз сөйледі

08/02/2017

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Ерлан Айтжанов Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы бойынша орталық коммуникациялардың аймақтық қызметінде болған брифингте сөз сөйледі.

Атырау қалалық соты асыраушысынан айырылуына байланысты асырауындағыларға залалды өндіру құқығын таныды

08/02/2017

Атырау қалалық сотына К. және А. қайтыс болған жұмысшының қарт анасы мен кәмелет жасына толмаған баласына ол кәмелетке толғанға дейін асырау үшін «С» ЖШС-ден қаражат өндіру туралы талап арызбен жүгінді.

Жамбыл облыстық соты Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылады

08/02/2017

Жамбыл облыстық сотының төрағасы Рүстем Алшынбаев Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын талқылауға арналған кеңес  өткізді.

Павлодарда сот мемлекеттік еңбек инспекциясы еңбек дауларын шешумен емес, құқық бұзушылықтарды анықтаумен айналысуы тиіс деп көрсетті

08/02/2017

Қашыр аудандық орталық ауруханасы еңбек заңнамасы талаптарының бұзушылықтарын жою туралы мемлекеттік еңбек инспекторының нұсқамасы бойынша Павлодар облысындағы бірінші сатыдағы сотқа шағымданды.

Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Р. Нұрмағамбетов Қазыбек би аудандық сотында азаматтарды қабылдады

08/02/2017

Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Рашид Нұрмағамбетов Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотында азаматтарды көшпелі қабылдау күнін өткізді.

Сол күні қабылдауға бес қарағандылық келді.

Сонымен, Қазыбек би аудандық пробация қызметі бөлімінің өкілі, әділет аға лейтенанты, инспектор Н.Қалиева пробация қызметі ұсынған өтініштері бойынша сот қаулыларын шағымдану мәселесімен жүгінді.

Ақтауда сот орындаушысының әрекеті заңсыз деп танылып, зейнеткердің құқығы қорғалды

08/02/2017

Ақтау қаласының № 2 сотына талапкер И-дің Ақтау қаласының жеке сот орындаушысы А.-ның атқару өндірісін заңсыз деп тану, екінші деңгейлі банктің зейнетақы төлем карточкасын бұғаттау және зейнетақы төлемін ұстап қалу  әрекетін заңсыз деп тану, моральдық өтемақы өндіру туралы талап арызбен жүгінді.

Сот отырысы барысында жеке сот орындаушысының өндірісінде зейнеткерге қатысты атқару құжаттарының бар екені анықталды.