Архив событий

27/02/2017

Әскери соттың төрағасы С.Абдуллаев тағайындалған судьяларды таныстырды

27/02/2017

 

Қазақстан Республикасының Президентінің 20.02.2016 жылғы №426 Жарлығына сәйкес, Орал қаласының №2 сотының төрағасы лауазымынан босатыла отырып, Қазақстан Республикасы Әскери сотының судьясы лауазымына Мұрат Иманбаев тағайындалды.

Қызылорда қалалық сотының төрағасы лауазымынан босатыла отырып, Ақмола гарнизоны Әскери сотының төрағасы лауазымына Алмат Бабатов тағайындалды.

Жамбыл облыстық сотының төрағасы Р.Алшынбаев облыстың қайта тағайындалған судьяларын таныстырды

27/02/2017

Президент Жарлығымен Кенжеғали Кенжебеков Жамбыл аудандық сотының судьясы қызметінен, Ляззат Ілиясова Алматы облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы қызметінен босатылып, Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы қызметіне тағайындалды.

Жамбыл облыстық сотының төрағасы судьяларға қызметте сәттілік пен Мемлекет басшысы жүктеген сенімді ақтауға тілектестік білдірді.

Павлодар облысы Качир аудандық сотының ұжымына соттың жаңа төрағасы таныстырды

27/02/2017

«Павлодар облысы бойынша соттар әкімшісі» РММ-нің басшысы Сағит Ахметбеков салтанатты түрде Качир аудандық сотының ұжымына және аудан активіне сот төрағасын таныстырды.

Іс-шараға аудан әкімі, аудан прокуратурасы, әділет департаменті, мемлекеттік шығыстар департаменті, сондай-ақ пробация қызметінің өкілдері қатысты.

Батыс Қазақстан облысының соттарында кадрлық тағайындаулар болды

27/02/2017

Батыс Қазақстан облыстық сотының алқа төрағалары Мирамбек Нағашыбаев пен Бақытбек Бегалиев жұмыс сапарларымен аудандарға шығып, мемлекеттік мекемелер мен құқық қорғау органдарының басшыларының қатысуымен жиын өткізу барысында аудандық соттардың жаңа төрағаларын таныстырды.

Президенттің Жарлығымен Тасқала және Шыңғырлау аудандық соттарының төрағалары болып, бұрын Орал қалалық №2 сотының судьясы лауазымын атқарған Асланбек Дүйсенғалиев және Миржан Қадырбаев тағайындалды.

Оңтүстік Қазақстан облыстық соты жаңадан тағайындалған судьялармен толықты

27/02/2017

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Н.Шәріпов облыстық соттың судьяларына «Қазақстан Республикасы соттарының төрағаларын, сот алқасының төрағасы мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 20 ақпандағы № 426 Жарлығына сәйкес, облыстық соттың судьясы қызметіне жаңадан тағайындалған Аида Байтұрова, Бәйдібек Дүйсебеков, Клара Жаппасова, Гүлмира Қыдырбаева және Тамара Смайлова таныстырды.

Астана қаласының экономикалық соты көрсетілген қызмет үшін ЖШС-нан 14 миллионнан аса берешек сомасын өндірді

27/02/2017

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «К» АҚ-ның  «А» ЖШС-нен берешек сомасын өндіріп алу туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Қызылорда қаласының №2 сотының төрағасы таныстырылды

27/02/2017

Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы Бақытжан Қалымбет Президент Жарлығымен тағайындалған Қызылорда қаласының №2 сотының төрағасы Әбу Айбекті ұжымға таныстырды.

«Айбек Кеңесұлы – кәсіби судья, тәжірибелі басшы. Осы уақытқа дейін ол Павлодар облысының Екібастұз қалалық сотының, Қызылорда қалалық сотының судьясы, Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық  сотының төрағасы қызметтерін атқарды», - деп атап өтті Б.Қалымбет.

Қостанайда судьялар Жоғарғы Соттың пилоттық жобаны іске асырудың кей мәселелерін талқылады

27/02/2017

Қостанай облыстық соты «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру. Бітімгершілікке келтіру рәсімдеріндегі проблемалық мәселелер» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді.