Архив событий

01/02/2017

ОКҚ-де «Ұлт Жоспарын іске асыру шеңберінде 2016 жылы сот төрелігін жүзеге асыру және республика судьяларының VII съезінің қорытындысы» тақырыбында брифинг өтті

01/02/2017

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде «Ұлт Жоспарын іске асыру шеңберінде 2016 жылы сот төрелігін жүзеге асыру және республика судьяларының VII съезінің қорытындысы» тақырыбында брифинг өтті.

Іс-шараға спикер ретінде Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Абай Рахметулин, Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының төрағасы Айгүл Қыдырбаева және Жоғарғы Соттың судьясы Елена Максюта қатысты.

Ақтауда сот банктің заңсыз пайда табуына жол бермей, заемшының құқығын қорғады

01/02/2017

Ақтау қаласы №2 сотында талапкер Банктің жауапкерлер – екіжеке тұлға мен кепіл ретінде серіктес болған заңды тұлға - ЖШС-дан ортақ түрде несие келісім шарты бойынша, негізгі қарыз - 6 982 192, 33 теңге, негізгі қарыздың индексация сомасы – 11 409 403,66 теңге, барлығы 18 391 595,99 теңге өндіру туралы шағымы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот отырысы барысында, Банк тарапынан – 21 905 000 теңге несие сомасының 13% жылдық сыйақысы есебімен 120 айлық мерзімге қарызға берілгені анықталды.  

«Судьялар қауымдастығы еліміздің одан әрі жаңғыруы бойынша тапсырмаларды орындауға өзінің үлесін қосу қажет» - Ақмола облыстық сотының төрағасы Н.Әбдіқанов

01/02/2017

Ақмола облыстық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов облыс судьяларымен ҚР Президентінің «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша кеңес өткізді.

«Қазақстан Үшінші жаңғыруды өте отырып, 30 дамыған елдің қатарына кіру қажет. Елбасы Қазақстандықтарға өз Жолдауында осындай мақсат қойған. Осы мақсатқа жету үшін Президент бес негізгі басымдықтарды көрсетті» - деді өз сөзінде облыстық соттың төрағасы.

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Е.Айтжанов «Ювеналды соттарды құру олардың ары қарай бала құқықтарын қорғау бойынша оң көрсеткіштері – бұл Қазақстан Республикасының сот саласының дамуының алға бастауының қадамы»

01/02/2017

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында ювеналды соттардың құрылуының бес жылдығына арналған «Балалар қорғауында бес жыл» атты ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

Іс-шарада Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің, прокуратура, адвокатура, ішкі істер органдарының өкілдерімен медиаторлар қатысты.

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында 2016 жылғы жұмыстар қорытындыланды

01/02/2017

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында облыс соттарының 2016 жылы сот төрелігін жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыстары қорытындыланды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Анатолий Смолин, Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Нұрсерік Шәріпов қатысты.

Судья атағын ақтау қажет және жұмыстың алғашқы айларында практикада өзін кәсіби тұрғыда мінсіз моральдық сипатта таныта білу керек», - Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Д.Әміров

01/02/2017

Шығыс Қазақстан облыстық сотында жаңадан тағайындалған судьялардың ант беру рәсімі өтті.

Салтанатты шараға Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров, алқа төрағалары, облыстық соттың, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары қатысты.

Астана қалалық сотында 2016 жылдың жұмыс қорытындыларына арналған кеңейтілген кеңес өтті

01/02/2017

Бүгін Астана қалалық сотында 2016 жылда сот төрелігін жүзеге асырудың қорытындылары шығарылды.

Іс-шараға Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының   төрағасы Абай Рахметуллин,  қалалық сот төрағасы Тілектес Бәрпібаев, сот алқаларының төрағалары, қалалық, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары, соттар әкімшісінің басшысы мен қызметкерлері қатысты.

Кеңейтілген кеңес жұмысын қалалық сот төрағасы Т.Бәрпібаев ашты. Ол 2016 жылы елордалық соттардың атқарған жұмыстарының қорытындысымен таныстырды.

ҚР Әскери сотының төрағасы С.Абдуллаев: «Судьялар Мемлекет басшысы қойған міндеттерді орындауда»

01/02/2017

Қазақстан Республикасы Әскери сотының төрағасы Сәкен Абдуллаев Әскери соттың 2016 жылы атқарған жұмыс қорытындысы бойынша және қоғамдық пікір туғызған қылмыстық істер туралы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне баспасөз конференциясын өткізді.