Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Е.Айтжанов «Ювеналды соттарды құру олардың ары қарай бала құқықтарын қорғау бойынша оң көрсеткіштері – бұл Қазақстан Республикасының сот саласының дамуының алға бастауының қадамы»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында ювеналды соттардың құрылуының бес жылдығына арналған «Балалар қорғауында бес жыл» атты ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

Іс-шарада Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің, прокуратура, адвокатура, ішкі істер органдарының өкілдерімен медиаторлар қатысты.

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Ерлан Айтжанов өз сөзінде ювеналды соттардың құру  олардың ары қарай бала құқықтарын қорғау бойынша оң көрсеткіштері – бұл Қазақстан Республикасының сот саласының  дамуының алға бастауының қадамы болып табылатындығын атап өтті. Ювеналды соттардың мақсаты іске астыртын қараудың алдын алу және  кәмелетке толмағандардың түзелуіне қызығушылық танытып, ортақ қызметтің әр саласында  соны жүзеге асыру екендін атап айтты.

Облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Бахыт Қасейінов кәмелетке толмағандармен жасалынған құқыққа қарсы әрекеттерінің сот іс - жүргізуінде балалар құқығын қорғау мәселесінің жаңашылдығы емес. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған сот ең алғаш рет Австралияда (1890ж.), содан соң Канадада (1894ж.) және 1899ж. АҚШ-да құрылған. Содан соң ювеналды соттар 20 ғасырда Батыс Европада дамыған.

Солтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы Несівелді Жәнібекова соттың  негізгі статистикалық көрсеткіштерін  атады. Сонымен, бес жылда Солтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен 360 қылмыстық іс қаралған, оның ішінде 114  іс кәмелетке толмағандарға қатысты, 1250 азаматтық іс қаралған, олар бойынша 400-ден астам балалардың құқықтары қорғалған. 240-тан астам бала, бала асырап алу бойынша өз отбасыларын тапқан, 36 іс бойынша балалардың тұрғылықты мекен-жайы анықталған, 24 бала арнайы білім ұйымдарына жіберілен. Бес жылда сотпен 5080 әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралған.

Конференция барысында кәмелетке толмағандарға қатысты істер бойынша прокурорлардың және қорғаншылық және қамқоршылық функцияларын атқаратын орган өкілдерінің қатысуы, ювеналды сотпен  ювеналды полиция органдарының қарым-қатынасы бойынша, кәмелетке толмағандарға қатысты істерді қарау кезіндегі медиацияның рөлі туралы сұрақтар талқыланды.

Доцент, М.Қозбаев атындағы Солтүстік Қазақстан  мемлекеттік университетінің «Құқықтық» кафедрасының заң ғылымдарының кандидаты Гүлбахша Мұсабаева Қазақстан Республикасындағы ювеналды соттардың құрылуы бойынша  тарихи-құқықтық сараптама өткізді.

Іс-шараға қатысушыларға кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттарының құрылу тарихы жөнінде бейне жазба көрсетілді.

Іс-шара соңында қатысушылар Қазақстанда ювеналды әділет жүйесінің құрылуы бүгінгі күннің  қажеттілігіне сәйкес деген біріңғай тұжырымға келді, себебі кәмелетке толмағанның заңды мүдделерімен құқықтарын қорғау Қазақстанның құқықтық-әлеуметтік мемлекеттік саясатының басты бағыттарының бірі болып табылады.

Источник: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі