Солтүстік Қазақстан облыстық сотында гендерлік теңдік мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында «Қазіргі қоғамдағы гендерлік теңдік» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Іс-шараға судьялар, «Іскер әйелдер» қоғамдық бірлестігінің өкілі, гендерлік саясат жөніндегі облыс әкімінің кеңесшісі, Әйелдерді қолдау орталығының, «Ана үйі» қоғамдық қорының, Статистика департаментінің, жергілікті полиция қызметінің өкілдері қатысты.

Іс-шараны облыстық соттың қылмыстық істері жөніндегі сот алқасының төрағасы Владимир Кириленко ашты. Ол гендерлік теңдік – бұл ерлер мен нәзік жандылар арасындағы құқықтық теңдік мақсатына жетуді болжайтын концепция деп атап айтты.

 «Еліміздің гендерлік саясаты әлемдік үрдістер бойынша жаңғыртылуда және қоғамдық саяси құрылымдарда әйелдердің қатысуын арттырудың маңызды аспектілері бойынша жеткілікті құқықтық база қалыптасты», - деді В. Кириленко.

«Іскер әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бақытжан Сәмиева облыстағы гендерлік саясат туралы айтты. «Әйелдерді қолдау орталығының» төрайымы Татьяна Усманова тұрмыстық зорлық-зомбылық және онымен қалай күресу керек екендігі туралы айтты.

Сондай-ақ баяндамамен Петропавл қаласының «Ана үйі» қоғамдық қорының үйлестірушісі Ғалия Балтабаева және Петропавл қаласының Ішкі істер басқармасы Жергілікті полиция қызметінің әйелдерді қорғау бойынша топтың аға инспекторы Жұлдыз Бағыт сөз сөйледі.

Қатысушылар сондай-ақ «Ана үйі» жобасымен, оның жұмыс нәтижесі  мен алдағы жоспарымен танысты.

Іс-шара соңында жиналғандар гендерлік теңдік мәселесі ерекше назарды талап етеді, соған байланысты осындай кездесулер өзекті және қажет болып табылады деп атап өтті.

Қайнар: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі