Солтүстік Қазақстан облыстық соты

Солтүстік Қазақстан облысының екі аудандық соттарында фронт-кеңселер ашылды

23/12/2019

Мамлют аудандық сотында және Мағжан Жұмабаев аудандық сотында фронт-кеңселерді ашты. Іс-шараларға судьялар, аудандардың әкімдері мен медиаторлар қатысты.

Мағжан Жұмабаев аудандық сотында ашылу салтанатында Солтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Айдар Смағұлов сөз сөйлеп, фронт-кеңседе сотқа келушілерге барынша қолайлы жағдайлар жасалды деп жауап берді.

Петропавл қаласының №2 сотында азаматтармен кездесу өтті

05/09/2019

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының № 2 соты Отбасы күні қарсаңында қиын жағдайға тап болған отбасыларға әлеуметтік және оңалту көмегін көрсету мақсатында «Ашық есік күнін» өткізді.

Іс-шараға судьялар, медиаторлар мен психологтар қатысты. Сот судьясы Лариса Кочнева Отбасы соты жобасының мақсаттары туралы айтып, оның отбасының әлеуметтік-психологиялық проблемаларын шешуге, баспана мәселесіне, жұмыспен қамтуға, әлеуметтік көмекке, психологтың кеңесіне, құжаттамаға, емделуге, қиын жағдайға тап болған балаларды оңалтуға назар аударды.

Украинада жүрген азамат «TrueConf» мобильді қосымшасы арқылы Петропавлда өткен сот процесіне қатысты

29/07/2019

Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты субсидиарлық жауапкершілікке тарту тәртібімен соманы өндіріп алу туралы азаматтық істі қарады.

Үшінші тұлғаның – мемлекеттік компанияның Киевте болуына байланысты, оның басшылығы өз өкілінің процеске «TrueConf» мобильді қосымшасы арқылы қатысуына өтініш білдірді. Мобильді мессенджер процеске қатысушысының қашықтықтан түсініктеме беруіне мүмкіндік жасады.

40 миллионнан астам берешекті өндіріп алу жөніндегі дау татуласу арқылы шешілді

20/06/2019

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық сотына ТОО-дан 41 894 856 теңге өндіріп беру туралы талап арызбен А. жүгінген. Талап қоюшы талабында жауапкердің келісімшарт бойынша тауарды жеткізуге міндеттеме алғаны, бірақ әлі күнге дейін міндеттерін орындамағаны туралы уәж келтірген.

Тараптардың апелляциялық сатыда татуласуы

14/06/2019

Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына ЖК 3 000 000 теңге тұрақсыздық айыбын өндіру туралы ЖШС-ға талап арызбен жүгінді. Талапкер жауапкердің өзіне қабылдаған тауарды жеткізу жөніндегі шарттық міндеттемелерін тиісінше орындамағанына шағымданған.

Сот ЖК-нің талап арызын ішінара қанағаттандырылып, ЖШС-дан 1 000 000 теңге тұрақсызыдық айыбы мен мемлекеттік бажды өндіріп берген.

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында сот жүйесіне арналған кадрларды қалыптастыруға арналған жоба іске асырыла бастады

10/06/2019

Жобаны іске асыруды облыстық сот пен Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті қолға алды. Жоба магистранттар мен жоғары оқу орындары студенттерінің өңір соттарында практикадан өтуіне бағытталған. Бұл, сайып келгенде, жобаға қатысушылардың құқықтық мәдениетін арттырып, сот жүйесі үшін кәсіби кадрлық резервті қалыптастыруға мүмкіндік береді деп есептейді ұйымдастырушылар.

Облыстық сот магистранттармен және жобаға әрі судья кәсібіне қызығушылық білдірген студенттермен кездесу өткізді.

Солтүстік Қазақстан облыстық соты өзінің фронт-офисін ашты

29/05/2019

Солтүстік Қазақстан облыстық соты «OpenSpace» азаматтарға қызмет көрсетудің кедергісіз приниципіне ауысты.

Сот фронт-офисі «Үлгілі сот» бағдарламасын іске асыру шеңберінде халыққа заманауи қызмет көрсетудің стандарттарын есепке ала отырып ашылды.

Петропавл қаласының сотында отбасы кабинеті ашылды

20/03/2019

«Отбасылық сот» пилоттық жобасын іске асыру аясында Петропавл қаласының № 2 сотында отбасы кабинетінің ашылу рәсімі өтті. Жоба ажырасулардың санын төмендетуге, сондай-ақ балалардың мүдделерін қозғайтын дауларды азайтуға бағытталған.

Іс-шараға судьялар, медиаторлар, психологтар, әділет, білім беру мен АХАТ өкілдері қатысты.

Сөз сөйлей отырып, Солтүстік-Қазақстан облыстық сотының төрағасы Ерлан Айтжанов отбасы кабинетінде азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек, психологиялық қолдау көрсетілетінін атап өтті.  

Солтүстік Қазақстан облысының Сергеевка қаласындағы көшеге сот жүйесінің ардагері Қалымжан Хабдулиннің есімі берілді

15/02/2019

Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданындағы Сергеевка қаласы көшелерінің біріне осы ауданда өмір сүрген  Сергеевка сотының алғашқы төрағасының есімі берілді.

«Smart Сот»: уақыт пен сот шығындарын үнемдеу

29/01/2019

Солтүстік-Қазақстан облысының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы «Smart Сот» жобасының аясында «TrueConf» мобильді қосымшасы арқылы бір жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің екінші жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қойған берешектікті және тұрақсыздықты өндіру туралы талап арызы бойынша істі қарады. Талапкердің өкілі өзі Шымкент қаласында болғанына байланысты сот отырысын бейнеконференцбайланыс арқылы жүргузі туралы өтінішін білдірді. Апелляциялық шағымын бере отырып, талапкер сот шығындарының негізсіз азайтылғанын айтып, олардың сомасын көбейтуді сұрады.

Беттер