Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының төрайымы А.Қыдырбаева Минскіде конференцияда сөз сөйледі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының төрайымы Айгүл Қыдырбаева "Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа бес жыл: соттың рөлі" халықаралық конференция жұмысына  қатысты. Форум Беларусь астанасы Минскіде өтті.

Құттықтау сөзінде ЕАЭО соты бес жылдық даму кезеңінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін пәрменді және икемді құқықтық құралы болып қалыптасқанын атап өтті.

Баяндаушы атап өткендей, интеграция процесінде маңызды функцияны орындауға арналған Одақ Сотының тиімділігі дауларды шешуде ғана емес, сонымен қатар мүше мемлекеттердің экономикаларын нығайту мен үйлесімді дамытуды қамтамасыз ететін, сондай-ақ іскерлік белсенділіктің тұрақты өсуіне, теңгерімді сауда мен адал бәсекелестікке кепілдік беретін құқықтық тұжырымдамаларды әзірлеуден де тұрады.

ЕАЭО соты ұйымдастырған екі күндік іс - шараға 200-ден астам қатысушы: Еуразиялық экономикалық комиссияның лауазымды тұлғалары, одаққа мүше мемлекеттердің билік органдарының басшылары, конституциялық және жоғарғы соттар, парламенттер, салалық министрліктер мен ведомстволар, халықаралық ұйымдар мен сот органдары, іскер топтар мен ғылыми қауымдастық өкілдері жиналды.

Іс-шараға қатысушылар Еуразиялық экономикалық одақтың құқықтық жүйесінің өзекті мәселелерін талқылады.

Источник: 
Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі