Архив событий

15/02/2017

Қ.Мәми Қазақстандағы Кореяның төтенше және өкілетті елшісімен кездесті

15/02/2017

Астанада Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми Қазақстандағы Кореяның төтенше және өкілетті елшісі Чо Ёнг-чон мырзамен кездесті.

Жоғарғы Сот Төрағасы екі елдің арасындағы ынтымақтастықты дамыту туралы айта келе: «Корея Республикасы Шығыс Азиядағы Қазақстанның басты серіктесінің бірі болып табылады. Біз корейлік серіктестіктермен ынтымақтастықты жоғары бағалаймыз», - деді.

Қ.Мәми Бүкіләлемдік Банк өкілдерімен кездесу өткізді

15/02/2017

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми Бүкіләлемдік Банктің мемлекеттік секторының бас сарапшысы Амит Мукерджимен кездесті.

Кездесу барысында Бүкіләлемдік Банктен қарызы шеңберінде қаржыландырылатын сот төрелігі секторын институционалдық нығайту жобасының іске асырылуы бойынша пікір алмасты.

Атап айтқанда, әңгіме жаңа ақпараттық технологиялар, Сот төрелігі академиясы мен сотты әкімшілендіру саласын дамыту жобалары туралы өрбіді.

Қазақстан халқы ассамблеясымен бірлескен жұмыс сындарлы сұхбат және жан-жалдарды реттеу жолымен даулардың санын азайтады

15/02/2017

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы Серікжан Ғабдулин «дөңгелек үстел» барысында «Конституциялық реформалар жағдайындағы Қазақстан Республикасы медиация институтының өзекті мәселелері» тақырыбында сөз сөйледі.

Шығыс Қазақстан облысы сотының судьялары дауларды сотқа жеткізбей реттеуге бағытталған ереженің жаңа пилоттық жобасын жүзеге асыруды талқылады

15/02/2017

Шығыс Қазақстан облысының соттары жекеленген санаттағы дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеуге бағытталған жаңа  пилоттық жобаны талқылады.

Аталмыш шараға бейне-конференц қатынас арқылы аймақтың судьялары,  Қазақстан халықтары Ассамблеясының  төрағасы, жеке сот орындаушыларының аймақтық палатасының басшысы, ШҚО Натариаттық палатасының басшысының орынбасары,  прокуратура,  мемлекеттік органдардың,  банктердің өкілдері,  кәсіби және кәсіби емес медиаторлар қатысты.

Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Теректі ауданының тұрғындарымен кездесті

15/02/2017

Батыс Қазақстан облысты сотының төрағасы Б. Әметов Теректі ауданы әкімінің 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша тұрғындарға есеп беру кездесуіне қатысты.

Кездесуге облыс әкімі Алтай Көлгінов, жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары, прокуратура және ішкі істер органдарының өкілдері, аудандық мәслихат депутаттары,  қоғамдық кеңес, жергілікті атқару органдарының және мемлекетік емес ұйымдардың өкілдері, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері, оқу орындарының басшылары, кәсіпкерлер мен БАҚ өкілдері қатысты.