Қазақстан халқы ассамблеясымен бірлескен жұмыс сындарлы сұхбат және жан-жалдарды реттеу жолымен даулардың санын азайтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы Серікжан Ғабдулин «дөңгелек үстел» барысында «Конституциялық реформалар жағдайындағы Қазақстан Республикасы медиация институтының өзекті мәселелері» тақырыбында сөз сөйледі.

Өзекті мәселелерді талқылауға сондай-ақ Қазақстан халқы ассамблеясының, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің,  білім бөлімінің өкілдері, Петропавл қаласы мектеп директорларының тәрбие жұмысы бойынша орынбасарлары, әлеуметтік педагогтері мен психологтары, медиаторлар қатысты. «Дөңгелек үстел» қатысушылары    Конституцияға ұсынылған өзгерістер мен толықтырулар жобасын мен Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын талқылады, оның аясында елдегі медиация институты дамуының болашағын қарау болды.

С.Ғабдулин бітімгершілік рәсімдердің, әсіресе медиацияның дамуы туралы айта отырып, облыстық сот және СҚО ҚХА-ның Медиация орталығы құқықтық дауларды шешуде бітімгершілік рәсімдерді кең қолдану мәселесіне үлкен көңіл аударатынын атап өтті. «Тығыз әріптестік және жемісті жұмыс аймақтағы медиация институтын насихаттауға көмектеседі, даулардың санын сындарлы сұхбат және тараптар арасындағы жан-жалды жағдайларды реттеу жолымен азайтады»,-деді ол.

Кездесу қатысушылары Қазақстан халқы ассамблеясы ағымдағы жылы мектеп медиациясын дамытуды көздейтінін атап айтты. Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы Медиация орталығының басшысы – Гулбақша Мұсабаеваның сөзінше, бұл оқытушылар мен оқушыларға оқу орындарында тұрақты жағдай жасауға және сындарлы сұхбат арқылы туындаған жан-жалды жағдайды реттеуге көмектеседі. Ол Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотта кәмелет жасына толмаған жеткіншектердің арасындағы қылмыстық істерді қарау кезінде медиацияны қолдануға назар аударды, мектеп ішіндегі жан-жалдар мен дауларды шешудің нақты мысалдарын келтірді.

Медиацияны қолданудың өз тәжірибесімен кәсіби медиатор Амангелді Тұралинов бөлісті, мектепте туындайтын жан-жалды жағдайларды шешудің мысалдарын келтірді. Оның ойынша, оқушылар арасында медиацияны қолдану достық қарым-қатынасқа және оқуға деген қызығушылықтарын арттырады.

Аға оқытушы Динара Қоңырбаева «Конституциялық реформа жағдайындағы Қазақстан» атты баяндамасымен сөз сөйледі.

Кездесудің соңында «дөңгелек үстел» қатысушылары аймақтағы бітімгершілік рәсімдер институтын дамыту және алдағы ынтымақтастық үшін сындарлы сұхбат болғанын атап айтты.  

Источник: 
Пресс-служба Северо-Казахстанского областного суда