жиналыс

Жоғарғы Сот және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро құқық қолдану мәселелерін талқылады

28/02/2019

Жоғарғы Сотта семинар-кеңес өткізілді, оның барысында жоғарғы сот органының судьялары мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюроның төрағалары құқық қолдану практикасының мәселелерін талқылады.

Жоғарғы Сотта азаматтық, әкімшілік және инвестициялық істерді қараудың қорытындысы жасалды

12/07/2018

Жоғарғы Сотта ағымдағы жылдың алты айындағы сот төрелігін жүзеге асыру жұмыстары қорытындыланып, азаматтық, әкімшілік істер және инвестициялық даулар бойынша құқық қолдану сот тәжірибесін қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Кеңес жұмысына Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары Еліс Әбдіқадыров, Айгүл Қыдырбаева және облыстық соттар төрағалары, Жоғарғы Соттың судьялары мен қызметкерлері қатысты.

Қостанай облыстық сотында Жоғарғы Сот Төрағасының қатысуымен кеңес өтті

12/06/2017

Бүгін Қостанай облыстық сотында өңір соттарының 2017 жылдың 5 айындағы атқарған сот төрелігінің қорытындылары шығарылды.

Іс- шараға Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, Қостанай облыстық сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев, облыстық соттың алқа төрағалары мен судьялары, сондай-ақ жергілікті соттардың судьялары қатысты. Бұған қоса, іс-шараға өңірдегі мемлекеттік органдардың басшылары, отставкадағы судьялар, сот жүйесінің ардагерлері мен Соттар әкімшілігінің басшысы қатысты.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьялары жекеше айыптау істерін қараудың ерекшеліктерін талқылады

28/04/2017

Талқылауға облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы Қайрат Чакпантаев, өңірдің судьялары, адвокаттар алқасының өкілдері, Зырян, Зайсан, Бесқарағай, Бородулиха, Аягөз аудандық және Семей қаласының № 2 сотының судьялары бейне конференц-байланыс (БКБ) арқылы қатысты.

Республика соттары 2017 жылғы 1 тоқсандағы жұмыс қорытындысы бойынша судьялар кеңесін өткізді

18/04/2017

Ақмола облыстық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов сот алқасының төрағалары мен судьяларының, аудандық соттардың төрағалары мен судьяларының, сот жүйесінің ардагерлерінің, Соттар әкімшісі басшылығының, құрылымдық бөлімшелер жетекшілерінің қатысуымен судьялардың кеңейтілген жалпы отырысын өткізді. Кеңесте 2017 жылдың бірінші тоқсанындағы істерді қараудағы заңдылықтың сақталуы және соттардың жұмысын одан әрі жетілдіру мәселелері талқыланды.

Әділдік – құқықтық қорғаудың басты критерийі

15/03/2017

Жоғарғы Сотта «Әділдік – құқықтық қорғаудың басты критерийі» жобасын іске асыру шеңберінде жұмыс тобының кезекті кеңесі өтті.

Кеңеске Жоғарғы Соттың судьялары Н.Сисенова мен Н.Сұлтанов, ЕуроОдақтың ұлттық сарапшысы Н.Ерғалиева, Бас прокуратураның, Әділет министрлігінің, Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті мен Республикалық адвокаттар алқасының өкілдері қатысты.

Алқабилер соты – халықтың сот төрелігін жүзеге асыру мүмкіндігі

24/02/2017

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының бастамасымен ОҚО-ның қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының алқабилер сотына 10 жыл толуына орай, «Алқабилер соты – сот төрелігін жүзеге асырудың демократиялық институты» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтті.

Қ.Мәми Абай атындағы ҚазҰПУ Сорбонна – Қазақстан институтында Жолдауды іске асыру бойынша ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты

17/02/2017

Бүгін 17 ақпанда Жоғарғы Сот Төрағасы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдау бойынша республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысты.

Форум Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Сорбонна – Қазақстан институтында  өтті. Іс-шараға Конституциялық Кеңестің Төрағасы Игорь Рогов, республиканың ғылыми интеллегенция өкілдері мен жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы қатысты.   

Беттер