Әділдік – құқықтық қорғаудың басты критерийі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғарғы Сотта «Әділдік – құқықтық қорғаудың басты критерийі» жобасын іске асыру шеңберінде жұмыс тобының кезекті кеңесі өтті.

Кеңеске Жоғарғы Соттың судьялары Н.Сисенова мен Н.Сұлтанов, ЕуроОдақтың ұлттық сарапшысы Н.Ерғалиева, Бас прокуратураның, Әділет министрлігінің, Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті мен Республикалық адвокаттар алқасының өкілдері қатысты.

Отырыс барысында жұмыс тобының алдағы ұйымдастырушылық мәселелдері талқыланды. Жоба шеңберінде мәмілелерді жасау, мемлекет мұқтаждығы үшін жерлерді алу, банктік несиелендіру және ақтау үкімдерін шығару тақырыптары бойынша төрт топша құру туралы шешім қабылданды.

ЕуроОдақ жобасының сарапшылары тарапынан сот процесіне қатысушылар арасында  соттардың әділдік критерийін қолдануы бойынша әлеуметтік зерттеу жүргізуге дайындық барысы талқыланды.

Қайнар: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі