Жоғарғы Сот және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро құқық қолдану мәселелерін талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғарғы Сотта семинар-кеңес өткізілді, оның барысында жоғарғы сот органының судьялары мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюроның төрағалары құқық қолдану практикасының мәселелерін талқылады.

Іс-шараға қатысушылар заңның үстемдігін қамтамасыз етуге және қылмыстық процестің орбитасына тартылған азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің мүлтіксіз сақтауына бағытталған. Пікірталас барысында құқық қолдану практикасындағы заңнама талаптары және соттың жиналған дәлелдемелерді бағалау өлшемдері талқыланды.

Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Абай Рахметулин кеңесте сөйлеген көзінде қатысушылардың назарын құқық қорғау және сот жүйесіне сенім деңгейін арттыруға баса аударды. «Билік өкілеттігін иелене отырып, біздің әрқайсымыз өз орнында біздің жасаған әрекеттеріміз бен қабылдаған шешімдерімізден адамның тағдыры, оның болашағы, оның жақындары мен туыстарының болашағы тәуелді екенін жете түсінуі тиіс», - деп атап өтті А.Рахметулин. Ол көбіне айыптау күдікті мен мүдделі адамдардың мойындау түсініктеріне құрылатынын, күдіктіден осы мойындау түсініктерін алу үшін қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы жиі таңдалатынын назар аударды.

Спикер мынаны еске салды: қылмыстық процестің өзекті түйіні дәлелдеу рәсімі, атап айтқанда қылмыстық істер бойынша қабылданатын шешімдердің заңдылығы мен негізділігі тәуелді болып келетін жол берілетін, нақты және қатысты дәлелдемелерді жинау  болып табылады. Бұл ретте, ол пара алу жөніндегі істер бойынша пара заты тіркелуі тиіс, ал дәлелдемелер біреу, бір кездері біреуге қандай да бір соманы берді деген айғақтарға негізделмеуі тиістігін атап көрсетті. Пара беру және алу, лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану және асыра пайдалану және басқалар сияқты барынша кең қолданылатын сыбайлас жемқорлық қылмыстарын тергеп-тексерудің қадамдық әдістемесін әзірлеу орындылығы атап өтілді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов әрекеттер алгоритмін әзірлеу кез келген тергеушіге, анықтаушыға және жедел қызметкерге өз функционалдық міндеттерін атқара отырып, анық жұмыс істеуіне мүмкіндік беретінін атап өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюроның басшысы Қайрат Сұңтаев жедел материалдарды жинаудың кейбір материалдарын атап көрсетіп, талқыланып отырған мәселе бойынша бірқатар мәселелерді қозғады және ұсыныстар жасады.

Кеңес барысында Жоғарғы Соттың судьялары: Гүлнара Мергенова тергеу әрекеттерін орындау туралы, Өміртай Ибраев – дәлелдемелерді бағалау, Асқаржан Кенжеғарин – іс-әрекеттерді саралау, Жанна Волкова – келтірілген залалды анықтау, Әбдірашит Жөкенов – процестік келісім және Анатолий Смолин – процестік мәселелер жөнінде айтып берді. 

Қатысушылар сындарлы пікірлермен алмасты. Кездесуге қатысушылар мынадай бір шешімге келді - заңның үстемдігін қамтамасыз етуге, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға, қылмыстық қудалау орбитасына заңсыз тартудан оларды тиімді қорғауға, сотқа дейінгі іс жүргізу қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыруға жағдай жасау. 

Источник: 
Жоғары Соттың Баспасөз қызметі