Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьялары жекеше айыптау істерін қараудың ерекшеліктерін талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талқылауға облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы Қайрат Чакпантаев, өңірдің судьялары, адвокаттар алқасының өкілдері, Зырян, Зайсан, Бесқарағай, Бородулиха, Аягөз аудандық және Семей қаласының № 2 сотының судьялары бейне конференц-байланыс (БКБ) арқылы қатысты.

Облыстық соттың судьясы Ғ.Алипанова өз сөзінде, жекеше айыптау институты азаматтардың өз құқықтарын қорғау үшін «нөлдік төзімділік» принциптерін іске асыруға құқықтық белсенділіктерін арттырып, тараптардың жарыспалықтарын дамытатынын атап өтті. Сот ісіне барлық қатысушылардың    заңды қызығушылықтары мен бұзылған құқықтарын қалпына келтіру міндеті сотқа жүктелген. Қылмыстық - процестік заңнама бойынша  сот төрелігін атқарудың ен негізгі  әдістерінің бірі,  азаматтардың өз құқықтарын  қорғауы үшін сотқа тікелей жүгінулері болып табылады.   

Облыстық соттың судьясы Н.Рахметулина апелляциялық сот сатысындағы жекеше айыптау істері бойынша сот практикасы туралы айтты, мұнда осы санаттағы істерді қараудың сапасы артқандығына тоқталды.

Глубокое, Шемонаиха, аудандық соттардың және де Өскемен қаласының № 2 сотының судьялары Б.Амиров, С.Балғабеков, Э.Мукаев өз баяндамаларында жекеше айыптау шағымдарын қарау мәселелерін қозғады.

Аталған талқылауға ІІД Анықтау Басқармасы басшысының орынбасары К.Тоғжанов, медиатор М.Дячук және адвокат Д,Ануарбеков қатысты.

Қайнар: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі