Архив событий

07/04/2017

Жоғарғы Соттың алқа төрағасы А.Рахметулин Бас прокуратураның және Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдерімен кездесу өткізді

07/04/2017

Жұмыс кездесуінің мақсаты – экономикалық қылмыстарға қатысты қылмыстық істерді қараудың бірыңғай тәсілін қалыптастыру.

Кездесуге Жоғарғы Соттың және Астана қалалық сотының судьялары, Бас Прокурордың орынбасары Марат Ахметжановтың басшылығымен Бас прокуратураның өкілдері, Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Ардақ Теңгебаевтың басшылығымен комитеттің өкілдері қатысты.

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы интернет-конференция шеңберінде азаматтардың сұрақтарына жауап берді

07/04/2017

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Ерлан Айтжанов облыс тұрғындарымен интернет-конференция өткізді.

Интернет-конференция барысында (сағат 9.00-ден 13-00-ге дейін) барлығы 6 сұрақ келіп түсті. Азаматтар моральдық шығын өтемақысын өндіріп алу, еңбек заңнамасы, «Рақымшылық туралы» заң ережелерін түсіндіруді сұрады. Сонымен бірге нақты сот істерін қарауға байланысты  сұрақтар да қызығушылық тудырды.

Маңғыстау облыстық соты жоғары оқу орнымен өзара ынтамақтастық туралы меморандумға қол қойды

07/04/2017

Меморандумға Маңғыстау  облыстық  сотының төрағасы Жақсылық Аланов пен Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің ректоры Әнуар Ботабеков қол қойды.

Өз сөзінде Ж.Аланов оқу процесін сот тәжірибиесінің материалдарымен толықтыру және сот төрелігін жүзеге асыру бағытында ғылыми ізденістерді енгізудің маңыздылығын атап өтті.

Батыс Қазақстан облысының судьялары нотариустердің атқару жазбасы институтын кеңейту мәселесін талқылады

07/04/2017

Батыс Қазақстан облыстық соты облыс судьяларының, Нотариалды палата және Әділет департаменті өкілдерінің қатысуымен нотариустердің атқару жазбасы институтын кеңейту мәселесі бойынша «дөңгелек үстел» өткізді.

Талқылау барысында қатысушылар  дауларды соттан тыс реттеуді дамыту, сот жүктемесін азайту мақсатында халыққа түсіндіру жұмысын жүргізу, соттарға түсетін даусыз талаптардың санын азайту жөніндегі мәселелерді қарады. Атап айтқанда, пилоттық жоба шеңберінде атқару жазбасы институтын қолдануды кеңейту мәселесі қаралды.

Алматы облысында дауларды (жанжалдарды) сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жоба іске асуда

07/04/2017

Алматы облысының соттары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру аясында халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Облыс сотының ғимараттарында ақпараттық стендтер орналастырылған, БАҚ арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізілді .

Қызылордада сот банктік несие жайлы шартті ішінара заңсыз деп таныды

07/04/2017

Қызылорда қалалық  сотына талап Б.-ның жауапкер Банкке несие шартын ішінара заңсыз деп тану, ұсталған ақша сомасын талапкердің пайдасына өндіру туралы талап қою арызын түсірді.

Б. өз талап қою арызында банкпен несие шартын жасасқанын, ай сайынғы мерзімде қарыз сомасын төлеп тұрғандығын көрсетті. Несие шартының 3.b тармағын, атап айтқанда, банктік қызмет көрсету үшін алынатын сомалар бөлігінің дұрыс емес екендігін айтып,  шартты ішінара заңсыз деп тануды және ұсталған соманы өндіруді сұрады.

Пікірлер мен ұсыныстар