Архив событий

31/03/2017

Конституция мен өзге де заңдардың өзгеруіне орай Жоғарғы Сот өзінің бірқатар нормативтік қаулыларына түзетулер енгізді

31/03/2017

Жоғарғы Соттың Төрағасы Қ.Мәми жоғары сот органының кезекті жалпы отырысын өткізді.

Оның жұмысына Жоғарғы соттың алқа төрағалары мен судьялары, Ғылыми-консультативтік кеңес мүшелері, Конституциялық Кеңестің, Бас прокуратураның, Ұлттық Банктің, мүдделі министрліктер мен ведомстволардың, сондай-ақ Жеке сот орындаушылары республикалық палатасы мен Республикалық адвокаттар алқасының өкілдері қатысты.

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында тәлімгер судьяларға семинар өткізілді

31/03/2017

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында судьяларға  тәлімгерлікті  жүзеге асыру барысында туындайтын мәселелер бойынша семинар-тренинг өткізілді.

Іс- шараны облыстық соттың төрағасы Ерлан Айтжанов ашып, сот саласында жаңадан тағайындалған судьяларға көмек көрсетудегі тәлімгерлер институтының айрықша рөлін атап өтті. Аталған институт қызметін жаңадан бастаған судьяның білікті заңгер болуына, оның кәсіптік ынтасын,   шығармашылық белсенділігін және ұжымға тез бейімделуіне үлкен әсер етеді.

Жоғарғы Сот А.Айтбаеваға, М.Рассохинға, Л.Оттқа және бірқатар өзге де тұлғаларға қатысты істі қарады

31/03/2017

Бүгін Жоғарғы Соттың кассациялық сатысы Бас прокурордың наразылығы, сондай-ақ сотталғандар А.Т.Айтбаеваның, М.М.Рассохиннің және Ж.А.Шәріповтың өтінішхаты бойынша келіп түскен сотталғандар А.Т.Айтбаеваға, М.М.Рассохинге, Л.В.Оттқа, Ж.Т.Кәкенге, Ж.А.Шәріповке қатысты қылмыстық істі қарады.

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында соғыс және сот жүйесінің ардагері А.Бекназаровқа құрмет көрсетілді

31/03/2017

Салтанатты іс-шараға облыстық соттың төрағасы мен судьялары, облыс әкімінің орынбасары, облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы мен отставкадағы судьялар, аудандық соттардың төрағалары мен жас судьялары, ОҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшысы мен «Жас ұлан» мектебінің ұландары, Мақтаарал ауданының және Шымкент қаласы Абай ауданының әкімдері, сондай-ақ, БАҚ өкілдері қатысты.

Жамбыл облыстық сотында құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды және әкімшілік істерді әзірлеу сапасы талқыланды

31/03/2017

«Дөңгелек үстелдің» шеңберінде судьялар, прокуратура қызметкерлері, жергілікті атқарушы, құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау органдарының өкілдері әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша хаттамаларды әзірлеудегі өзекті мәселелерді талқылады.

Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Жомарт Рүстембеков кездесуді ашып, семинарды өткізудің негізгі мақсаты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер мен құжаттарды дұрыс және толық рәсімдеу мәселелерін талқылау және оларды анықтау екендігін атап өтті.

Балқаш қаласында сот баланың тұрғылықты жерін әкесімен тұрақты тұруын анықтадыотцом

31/03/2017

Балқаш қалалық сотына кәмелетке толмаған баланың әкесі анасын ата-ана құқығынан шектеу және баланың тұрғылықты жерін әкесімен тұрақты тұруын айқындау туралы талап арызбен жүгінді. Өз кезегінде, анасы да әкесін ата-ана құқығынан шектеу және баланың тұрғылықты жерін анасымен тұрақты тұруын айқындау туралы қарсы талап арызбен сотқа жүгінді.